Қараша айындағы кейбір қарулы топтардың Сирияның екінші ірі қаласы Алеппоны тез арада басып алуы менде Сирияға деген ешқандай қызығушылық туғызған жоқ. 2011 жылдан бері не көрмеді Сирия? Химиялық қару қолдануын да, Алеппоны Ресей ұшақтары бомбылауы мен блокадасын да және т.б. көп.
Алайда, Башар Асадтың осыған дейінгі билікте болуының басты спонсорлары – Иран мен Ресейде көмек көрсетуге деген ресурс пен қалауы болмады.
Иран
соңғы бір жылда Йемендегі хуситтер, Палестинадағы Хамас, Ливандағы Хезболла арқылы Израильмен соғысуда. Арасында тікелей де ракета атып жатты. Ал соңғы айларда Хезболла әлі бас көтермейтіндей жеңілді. Оның үстіне, Иранда президент сайлауында сырттағы соғыстарды қолдамайтын Пезешкиан жеңіске жетті.
Ресейде – Украина. Міне Башардың 13 жыл бойы соғысып, соңғы 2 аптада ешқандай төтеп бере алмауының да себебі.
Картада 6 желтоқсан күнгі жағдай еді, 8 желтоқсанда Башар Дамасктан Мәскеуге қашты.