Майн Кайф (де)


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Siyosat


Кері байланыс үшін:
t.me/asylkhankaz

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Siyosat
Statistika
Postlar filtri


2023 жылдың қыркүйегінде тауға көтеріліп бара жатып бір үнді әндерін тыңдап бара жатқан қазақтың қара домалақ баласын кездестірдім. Тау шыңына шыққан сон әлгі жігіт маған ағылшынша фотоға түсіруді сұрады. Мен оған «қазақша әлде орысша сөйлесең түсінемін» десем, оған да ағылшынша жауап берді.

Сөйтсем, әлгі «қазақ жігіт» – Ауғанстанның хазары екен. Талибтер билікке келгенде Үндістанға қашып, содан «не де болса, өзіме ұқсастар арасында тұрайын» деп Қазақстанға келген түрі екен. Қазақстан жайлы ойын сұрасам, қысқаша айтқанда, ұнамапты.

Ауғанстандық адам үшін Қазақстан – Еуропа дейді: киінуі, мәдениеті, қала инфрақұрылымы, менталитеті.

Расымен де, біз испанның футболы, американдық киноны көріп, британдық әнді тыңдап, француз мәдениетіне қызығып жүріп, қасымыздағы ауғандар мен парсылар өзге әлем, ал еуропалықтар жақынырақ адамдар болып кетті (фотода да өзбек-қырғыздардың түрік-парсымен салыстырғанда еуропалықтарға жақындығын көруге болады. Если что, Иран, Түркия, Өзбекстан мен Қырғызстан басшылары әйелдері).


2000 жыл. Адамдар бір орында тұрса немесе орындықта отырса да, тротуар өзі жылжуы арқылы керек жеріңізге жете алады. Бұл да немістердің фантазиясы.

Вывод: болашақ технологияларын болжау өте қиын. Тек пайда болуы мүмкін технологияның функциясын болжау мүмкін (трансляция сияқты). Осындай суреттерде де, болашақ жайлы фильмдерде де болашаққа қазіргі (сурет салынып жатқан, фильм түсіріліп жатқан) уақыттың көзқарасымен қарап, сол кездің түсінігімен болжам жасалынады.


Ал адамдар өзеннен өту үшін 2000 жылы осындай аспалы шарлар қолдануы керек болыпты. Тіпті ат жегілген арба да сумен осындай әдіспен өтіп кетуіне болады екен.


Радио енді ойлап табылған заманда немістер 2000 жылы осындай видео трансляциялар болады деп болжаған екен.


Өзге жердегі адаммен видеозвонок арқылы сөйлесу.

2000 жылғы өрт сөндірушілер.


Үйді жинайтын машина.

Үйге дейін жеткізіп беруші ұшақ мінген почтальон.


2000 жылғы фермер – үйінде отырып алып, сымдар тартылған бидай егілген егістікте егілген бидайды арнайы машиналар арқылы жинап жатыр.


Француз журналында да 2000 жылғы әлем сипатталған суреттер шығарған.

Мысалы, мына жерде 2000 жылғы мектеп берілген – кітапты майдалап, ондағы ақпарат сым арқылы оқушылардың бастарына «құйылуда».


Бұл да ХХІ ғасырдағы Мәскеу.

Вокзалға аспалы көпірлер арқылы пойыздар ағылып келуде. Көшеде көлік те, жаяу адамдар да, қоғамдық көлік те, ит те бірге жүр.

Ғимараттар, киіну үлгісі, көліктер – 1930 жылдарда қалып қойғандай.


Ал мынау 1930 жылдарда салынған ХХІ ғасырдағы Мәскеу қаласының суреті.

Адамдар жылқымен жүр, көліктер ескі, киіну үлгілері де... Тек аспанда дирижабльдер саны көп және пойыздар желісі көпірлер арқылы өткен.


Болашақты болжау өте қиын нәрсе. Экономика, демография сияқты ғылымдарда қазіргі көрсеткіштерге (экономикалық өсім, туу көрсеткіші и т.б.) сүйеніп, болжамдар жасалынады және олар көбіне орындалып та жатады.

Ал технология саласында болашақты болжау мүмкін емес (деуге болатын шығар).

Мысалы, суретте ХІХ ғасырдың соңында электр энергиясы көптеп тарала бастаған сәттегі суретшінің болашақты сипаттаған түрі – барлық жақта электр сымдары тартылған, жануарлар да, адамдар да одан зардап шегуде.


Әлемдегі әскери күші бойынша ең алдағы ел, әскери шығыны 800 млрд $-дан асатын, әскери базасы ең көп ел – АҚШ.

АҚШ базалары 4 мұхитта да бар: Куба, Багам аралдары, Гондурас, Португалия, Испания, Ұлыбритания, Италия, Германия, Нидерланды, Бельгия, Косово, Греция, Болгария, Румыния, Түркия, Ирак, Катар, Кувейт, Бахрейн, Сауд Арабиясы, Джибути, Диего-Гарсия аралы (Британияға тиесілі), Сингапур, Австралия, Корея Республикасы мен Жапония.

Осылайша, әлемнің кез-келген нүктесінде әскери операция жүргізе алатын елдер легі – АҚШ, Франция және Ұлыбритания.


Әлемдегі әскери базасы ең көп және жан-жақты таралған 3 елдің екіншісі – Франция. Оның Эстония, Румыния, Гваделупа, Мартиника, Гвиана, Габон, Кот-д'Ивуар, Сенегал, Мавритания, Мали, Буркина-Фасо, Нигер, Ливан, Чад, Сирия, Ирак, Біріккен Араб Әмірліктері, Джибути, Реюньон, Жаңа Каледония мен Француз Полинезиясында әскери базалары бар.

Франция теңіз қарулы күштері Солтүстік мұзды мұхиттан басқа барлығында бар, ал Оңтүстік Америкадағы Гвианадағы әскери базасы тек Франция үшін ғана емес, бүкіл Европалық Одақ елдері үшін маңызды. Оның себебі – Куру ғарыш айлағы.


Ұлы Держава – әлемнің кез-келген нүктесінде өз мүддесін қорғай алуы тиіс. Осы фразаға сай келетін 3 елдің бірі – Ұлыбритания. Біріккен Корольдіктің Канада, Белиз, Фолкленд аралдары, Гвинея, Кения, Диего-Гарсия (Үнді мұхиты), Сингапур, Бруней, Оман, Бахрейн, Кипр, Гибралтар мен Германияда әскерлері бар. Әскери күші жағынан Қытай мен Ресейден төменірек болса да, аталмыш екі елде мұндай көп әскери база жоқ.

Сол себепті, әлемдегі төртінші ірі ядролық қаруы бар Ұлыбритания кез-келген уақытта қатты қаласа Йеменді бомбылап, Қырым жағалауына тыңшы ұшақтар жіберіп жатады.

Хотя, Ұлыбритания әскери шығыны ±Ресеймен бірдей, ал әскер саны Қазақстанмен шамалас.


Ал Ресейдің бұл жағынан көрсеткіштері жақсырақ. Не де болса, КСРО-ның кезіндегі әлемнің жартысына ықпалы жүрген елдің қалдығы екені әлі де білінеді.

Картағы қызыл елдерде Ресейдің әскери базалары немесе әскерлері бар. Олардың ішінде – Беларусь, Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда аталған елдердің үкіметімен келісілген жағдайда әскери база ұстап отырса, Украина, Молдова мен Грузияда ол елдердің келісімінсіз территориясына әскер енгізген.

Сирияда Ресейдің жалғыз теңіз флоты орналасатын базасы бар және әуежай орналасқан.

Вьетнамда Ресей кемелерін қабылдайтын порт бар (әскери база деп айту қиындау). Болашақта Суданмен теңіз әскери базасын ашу жоспарда бар еді, Украинада соғыс басталмай жатып.


Қытай бүгінде әлемдегі екінші әскери держава. Жылдық әскери шығындары 290 млрд $ құрайды (Қазақстанның ЖІӨ-нен көп).

Алайда, Қытайдың шет елдегі базасы біреу ғана. Ол Африкадағы Джибути елінде. Осыдан бірнеше жыл бұрын Қытай Вануату, Соломон аралдары сияқты Тынық мұхит елдерімен әскери база ашуға келіссөз жүргізіп жатыр еді. Кейіннен Австралия үкіметі қысымынан соң Тынық мұхиты аралдары елдері Қытаймен келіссөзді тоқтатты.

Ұлы Держава – әлемнің кез-келген нүктесінде өз мүддесін қорғай білуі керек. Қытай, әзірге, бұл атаққа толық сай келмей тұрған сияқты.


Не де болса, Украинаның басты әскери қолдаушысы АҚШ тарапынан көмек уақытша тоқтаса да, Еуропа елдері тарапынан көмек жалғасуда. Ал Еуропа елдері кез-келген түрдегі көмектің ең көп бөлігін беріп жатыр:

Еуропалық Одақ ұйымы ретінде ғана 2023 жылдың шілдесіне дейін 90 млрд $ көмек берсе, Еуропалық Одақтың 27 мүше елі өзі жеке тағы да үлкен соммаға қол ұшын созуда. Басты ерекшелік – Еуропаның көмегі в основном қаржылай және гуманитарлық болды.

Жыл сайын қорғанысқа 4-6 млрд $ жұмсаған Украина жылына 50-70 млрд $ жұмсаған Ресейге екі жыл бойы төтеп беруіне осыншама ел жұмылып жатыр. Ал жыл сайын 1.5-2 млрд $ жұмсайтын Қазақстан ірі елге төтеп бере ала ма?


Украина 3 күнде қолданған артиллериялық снарядтар саны Ұлыбритания складтарында қалған снарядтар санына тең деген ақпарат оқып едім жақында. Ал өзге Еуропа елдері де Украина қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете алмайды. Осыған дейін Еуропа елдері өз складтарындағы «артық» снарядтармен бөліссе, қазір өз қорғаныстарына қажетті минимум шамасында ғана снарядтар қалған деседі.

Сол себепті де Еуропа елдері өз ақшаларына өзге елдерден Украина үшін снаряд сатып алуды жолға қойып жатыр.


Шын мәнінде, Еуропаның кейбір елдері өз ЖІӨ-дерінің 1%-ға дейінгі қаржыны Украинаға көмек ретінде жіберіп жатыр. Салыстыру үшін, Қазақстан өзгенің тұрмақ, өз қорғанысына 1%-ға жуық қаржы бөледі. Ал Латвия мен Эстония сияқты елдер өз қорғанысына ЖІӨ-нің 2-3%-на тең қаржы бөліп, тағы 1%-ға жуығын Украинаға көмекке жұмсауда.

Ал өзге Еуропа елдері қазір Украинаны қаржыландырудың жаңа жолдарын қарастыруда. Мысалы, Еуропа елдерінде Ресейдің 250-350 млрд $-ға жуық қаржы активтері бұғатталып еді. Ол ақша заңды түрде Ресейдікі болғандықтан, оны Украинаға бере салу оңай емес. Сол себепті, сол қаржыдан түскен пайданы соғыс болып жатқан уақытта Украинаға қару-жарақ шығару мен өзге елдерден сатып алуға қолданбақшы (тек сол ақшадан түскен пайданы, ал ақшаның өзі Ресейдікі болып қала береді).

Мысалы, Германия қазір Индиядан артиллериялық снарядтар сатып алып, Украинаға жіберу жайлы келіссөз жүргізуде.


2022 жылдың ақпаны мен 2023 жылдың қарашасы арасында жоғарыдағы елдер Украинаға ең үлкен әскери көмек көрсеткен. Көмектің жартысынан астамын АҚШ-тың жалғыз өзі көрсетсе, екінші бөлігін Еуропа елдері жіберуде.

Халқы 5 млн-дық Дания мен Норвегияның 1.5 жыл ішінде Украинаға жіберген әскери техникаларының жалпы соммасы Қазақстанның қорғаныс саласын 4 жыл бойы қаржыландыруға жетуші еді (1.5-2 млрд $ жұмсайды Қазақстан).

2023 жылдың желтоқсанында АҚШ бюджетінен Украинаға бөлінген сомма аяқталып, Украинаға көмекке бөлінуі керек болған келесі бюджет әлі бекітілген жоқ. Осылайша, Украинаның басты спонсоры болған АҚШ соңғы 2 ай почти что көмек көрсетіп жатқан жоқ. Осы тұста Еуропа елдері болашақта да АҚШ тарапынан осындай паузалар немесе мүлдем көмектің тоқтатылуына дайындық бастап жатыр. 2024 жылғы сайлауда Трамптың жеңісі көмектің тағы азаюына әкелуі мүмкін.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.