Мемлекеттік және әскери қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынадыМәжіліс ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қабылдады. Заңға Мемлекет басшысының халық арасында ойынға тәуелділікпен күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында депутаттар бастамашы болды.
Түзетулерге сәйкес қазақстандықтардың белгілі бір тобына құмар ойындарға қатысуға және бәс тігуге тыйым салынады. Олардың қатарында 21 жасқа толмаған азаматтар, ойын және бәс тігуге қатысуы шектелген, оның ішінде өзін-өзі шектеген (6 айдан 10 жылға дейін), сондай-ақ борышкерлердің бірыңғай тізіліміне сәйкес өтелмеген міндеттемелері бар тұлғалар кіреді.
Бұл қатарда мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері де бар. Олар тыйымды бұзғаны үшін жұмыстан босатылады.
Заңды тұлғалардың құмар ойындарға қатысуына алғашқы үш санатқа рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген. Бұл жағдайда орта кәсіпкерлік субъектілеріне 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін – лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жазасы қарастырылған.
—
Государственным и военнослужащим запретят участвовать в азартных играхМажилис принял во втором чтении законодательные поправки по вопросам игорного бизнеса, лотерей и лотерейной деятельности, в том числе в Кодекс об административных правонарушениях. Законы инициировали парламентарии в рамках реализации поручения Главы государства по усилению борьбы с игровой зависимостью среди населения.
Поправками устанавливается запрет на участие в азартных играх и пари для определённого круга казахстанцев. В их число входят граждане, которым ещё не исполнился 21 год, лица, отграниченные в участии в азартных играх и пари, в том числе путём самоограничения (от 6 месяцев до 10 лет), а также включённые в Единый реестр должников с неисполненными обязательствами по исполнительным документам об имущественных взысканиях. В этом ряду также госслужащие, военнослужащие и сотрудники специальных госорганов – им за нарушение запрета грозит увольнение.
Вместе с тем закрепляется административная ответственность юридических лиц за допуск первых трёх категорий к участию в азартных играх. В таком случае на субъектов среднего предпринимательства будет наложен штраф в размере 300 МРП, крупного предпринимательства – 1 000 МРП. За повторное правонарушение – приостановление действия лицензии.
t.me/mazhilis_kz