مسلمة💚


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


Өзіңе ұнаған нәрселерді басқаларға да лайықты деп біл.
©️Мұхаммед (ﷺ)

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


Аллаһтың парызын орындап жүрген хиджаптағы қыздарымыз аспандағы жұлдыздар секілді, аспанды жұлдыздар қалай әдемі етіп ерекшелейтін болса, сіздер де жер бетінде исламның әдемі белгісі болып жүрсіздер..✨

Ерлан Ақатай ұстаз




Абылай Кенжалы dan repost
Әл-Ағраф сүресі 199-аят.

Наданмен надан болма.


Al-Muminun dan repost
Бүгін Миғраж түні, 🌙
(яғни қаңтардың 26-ынан 27-іне қараған түн)

Миғраж түнінде Пайғамбарымыз ﷺ Меккедегі әл-Харам мешітінен Құдыстағы әл-Ақса мешітіне бір сәтте исра жасады(арабтарда түнгі сапар “исра” деп аталады). Одан миғражға (“миғраж”-көтерілу) жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесті, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгі – аяттарын көріп, Онымен тілдесті. Бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді.

Бұл түнді қалай өткізуге болады?

— ораза ұстау.
— қаза намаздарын өтеу.
— тәубе ету.
— көп дұға ету.
— салауат айту.
— тасбих тарту.
— Құран оқу.
— садақа беру.
— нәпіл намаздар оқу.(тасбих намазы)
— өзімізді Рамазанға дайындау.


Ең бастысы өзіңізді есепке алып, терең ойланып, Алланың нығметін сезінуге керемет мүмкіндік. Алла менен не қалайды, Аллаға лайықты түрде құл болып жүрмін ба, әмірлерін орындап жатырмын ба деген сияқты сұрақтар төңірегінде ой жүгіртуге болады.

Тек бүгін емес, әрдайым Алланы зікір етіп, Оның разылығын іздеген құлдарынан болуды нәсіп етсін, 🤲


Сырымбек Әділболатұлы dan repost
Қасиетті Құранмен қарым-қатынаста сақтау қажет әдептер:

1. Құранның үстіне кітап немесе қағаз қоймаңыз.

2. Құранға сүйенбеңіз.

3. Отырғанда, Құран алдында аяқтарыңызды созып отырмаңыз.

4. Құранның ішінде қағаз, ақша немесе басқа заттарды сақтамаңыз.

5. Құранды біреуге ұсынғанда құрметпен беріңіз, лақтырып немесе итеріп бермеңіз.

6. Құранды жерге қоймаңыз (тіпті кілемнің үстіне болса да).

7. Құранды күн сәулесі әсер етіп, бүлініп қалатын жерде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.

8. Құранды жастықтың астына қоймаңыз.

9. Құранды кез келген кітап сияқты немқұрайлы ұстамаңыз; Алланың сөзі екенін сезініп, құрметпен қараңыз.

10. Құранды досыңызға үстелден итеріп бермеңіз, оны әдеппен қолына беріңіз.

Құран – Алланың қасиетті кітабы. Оған деген құрмет – иманның белгісі.

©Шейх Ратиб ән-Наблуси


Каналы бар жандар каналдарынызға ала кетсеңіздер💚 Аллаһ разы болсын✨


Ассаляму алейкум, қымбатты нәзік жандылар🌸
Рамазан айына дайындық ретінде тахаджуд марафонын бастайын деп жатырмыз. Мақсатымыз – Аллаға жақындау, түнгі құлшылықты әдетке айналдыру. Қосылғыңыз келсе, көрсетілген номерге жазыңыз✨

«Парыз намаздан кейінгі ең сауабы мол намаз – таһажуд намазы» (Нәсаи).


soulbirdua dan repost
Я Раббым, жұп етіп жазбаған адамды махаббат деп алдымнан шығарма.


#yasina dan repost
Уа, мұсылман қызы!

• Алла тағала сіздің маңдайыңызға жазған жарыңызды жолықтырғанға дейін, Раббыңыз разы болмайтын қарым қатынастан аулақ болыңыз.

• Сіздің қызғанатын ешкім жоқ болса да, өзіңізді қызғаныңыз. Расында, Раббыңыз сіздің жасырын болуыңызға разы болады.

• Жастық шақ ілім алуға ең қолайлы уақыт. Мүмкіндігінше соны пайдаланып қалыңыз. Раббыңыз ілім алуды мұсылман әйелдерге де парыз етті.

• Құрсағыңыздан шыққан балалардың ғалымдар мен қарилар болуын қаласаңыз, қазіргі шақта өзіңізді Құранға арнаңыз, беріңіз.

Бір нәрсе құрбан етпестен бір нәрсеге жете алмаймыз…


Аллаға сансыз шүкірлер болсын


Khanifa dan repost
Қыздарррррр, не деген күшті жаңалық мынау, Аллаға шүкір

Газа мен Палестинада соғыс тоқтады деген қуанышты хабар келіп жатыр ғой.

Я Аллам, осы хабар рас болғай!
🤲🤲🤲


Рух күткен 3 ай💚

Расулалла (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтады:

«Ережеп – Алла Тағаланың айы, Шағбан – менің айым, Рамазан – үмбетімнің айы»;

«Кімде-кім қасиетті (харам) айларда (Зулқағда, Зулхижжа, Мұхаррам және Ережеп) үш-үш күннен ораза ұстаса, амал дәптеріне тоғыз жүз жылдық ғибадаттың сауабы жазылады»;

«Шындығында, жәннатта бір өзен бар. Оны «Ережеп» деп атайды. Оның суы сүттен ақ, балдан тәтті.
Кімде-кім Ережеп айында бір күн ораза ұстаса, Алла Тағала ол пендесіне осы өзеннің суын ішкізіп, дәмін татқызады»;

«Мені мұқият тыңдаңдар! Ережеп – адамдар ұрыс-керіске араласпай тыныш, бейбіт жүретін Алланың айы. Кімде-кім жүрегімен сеніп және шын пейілмен маңыз беріп, Ережеп айында бір күн ораза ұстаса, Ұлы Алланың ризалығына бөленеді».

#хадис


Mumina🤍 dan repost
Rajab Mubarak 🌙💚✨

اللهم بارك لنا في رجب وشعبان وبلّغنا رمضان

«Аллаһумма бәрик ләнә фи раджаб уә шағбан уә бәллиғнәә Рамадан»

Уа, Раббым! Ережеп пен шағбан айларын бізге берекелі қыла гөр. Әрі бізді Рамазан айына аман есен жеткізе гөр!

Пайғамбарымыздың дұғасы📖


2025 тен емес, Алладан үміт етеміз…

@aqiqat_arnasy


Намазда неге 2 рет сәжде жасаймыз?

Себебі былай:

Аллаһу Таъала бүкіл періштелерге Хазреті Адамға (а.с) сәжде етуді әмір етті. Барлық періштелер сәжде етті, бірақ Ібіліс сәжде етпеді.

Содан соң періштелер басын сәждеден көтергенде Ібілістің сәжде етпей аяқта тұрғанын көрді де, Алланың өздеріне сәжде ету нығметін нәсіп еткені үшін ШҮКІР РЕТІНДЕ дереу қайтадан тағы 1 рет сәждеге жығылды☀️

Бірқатар алимдер де бұл нәрсені мына жағынан да түсіндірген:
Сәжде етуші адам бірінші сәждесінде өзінің топырақтан жаратылғанына, екінші сәждесін жасау арқылы топыраққа қайта оралатынына ишарат (белгі) етеді

Алла Таһа сүресінің 55-ші аятында былай дейді:

۞ مِنْهَا خَلَقْنَٰكُمْ وَفِيهَا نُعِيدُكُمْ وَمِنْهَا نُخْرِجُكُمْ تَارَةً أُخْرَىٰ

Біз сендерді сол топырақтан жараттық және соған қайтарудамыз. Кезі келгенде сендерді одан тағы да шығарамыз

🤍
Сәжде - Алланың алдындағы ең жоғары мақам, тәніңмен, ең қадірлі басыңмен жердің ең төменгі нүктесіне дейін иіліп, ал, рухыңмен Аршқа дейін шыға алатын ҰЛЫ амал - СӘЖДЕ

Олай болса, сен де Раббыңа шүкір ет, сені осындай Ұлы мақамға шығарғаны үшін, сені Өз құзырына қабыл еткені үшін🤍 Болмаса, қаншама адамдар жүр, маңдайы жерге тимей, Әлемдердің Раббысына иілмей….


Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!🫂


Ең үлкен күш - Аллаһқа сеніп, тәуекел ету. Сонда барлық қиындықтар жеңілдейді.


لَا رَاحَةَ فِي الدُّنْيَا


Нужно сделать следующее: в течение дня, когда встречаете разных незнакомых людей на своем пути, проговаривать: «Пусть Аллах даст тебе счастье». Увидели скорую - скажите: «О Аллах, помоги человеку, для которого вызвали скорую». «Увидели маленьких школьников, идущих по улице», - произнесите: «О Всевышний, береги этих детей». И так целый день. День за днем. В хадисе сказано: «Дуа, сделанные за человека втайне от него, будут приняты. За каждым сделанным дуа ангел будет повторять: «Аминь, пусть Аллах тебе даст еще больше» Ибни Аби Шаиба).

📖”Нет боли...Есть воля...Воля Творца” Марзия Бекайдар.


«Не воруйте» у Аллаха. Не называйте успехом Милость Аллаха. Не думайте, что благодаря вашим стараниям, дуа и действиям вы так успешны. Это совсем не так. Ведь обязательно найдутся люди, которые старались больше вас, но у них нет такого успеха! Почему? Просто потому что ваш успех - это милость Аллаха, а не ваши «старания». Когда вы это сердцем поймёте, то сможете свой стопроцентный потенциал реализовать на его пути.

📖 “Выбери счастье в обоих мирах” Марзия Бекайдар.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.