Dala Finance dan repost
💵 "Ұлттық қор – балаларға": 2025 жылы әр баланың шотына қанша доллар аударылатыны белгілі болды
Бүгінгі Сенат отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев бұл көлем 118-120 доллар, ал Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 130 доллар болып қалатынын бажайлады.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов әріптесінің сөзін қолдады.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
Бүгінгі Сенат отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев бұл көлем 118-120 доллар, ал Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 130 доллар болып қалатынын бажайлады.
"Былтыр 1 ақпанда алғаш рет 7 миллионға жуық баланың әрқайсысының шотына 100 доллар 52 центтен есептеп салдық. Бүгінде қаражат доллармен есептеледі. Екіншіден, ол сома қосымша инвестицияланады. Сондықтан ол өсіп отыр. Енді инвестициялық кіріске келсек, биыл біз 2,6 пайызбен санадық. Енді келесі жылы жалпы 3 пайызға инвестициялық өсім болады деп болжап отырмыз. Балалардың санын ескере отырып, 1 қаңтарда бұл сома 118-120 доллар көлемінде болатын шығар деген болжам бар. Бірақ 1 ақпанға дейін күте тұрайық. Дұрыстап есептеп, сол кезде нақты цифрды айтамыз", – деді Қаржы министрі.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов әріптесінің сөзін қолдады.
"Әр балаға 130 доллардан болып қалады. Бірақ, 1 қаңтарға дейін қанша бала дүниеге келеді, қаншауы 18 жасқа толады, осының бәрін әлі есептеу керек. Тиісті ақпаратты сол кезде хабарлаймыз. Ол ақша инфляциядан қорғалған, өйткені қаражат доллармен сақтаулы", – деді Сүлейменов.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance