OiTube💭 (aselqyzdan)


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


“…Адам ғапыл дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргеннің бәрі Онікі…”

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Жай бір түсінгенім, бәрі біткен сияқты, нүктесі қойылған, быт-шыты шыққан сияқты көрінген кезде, Аллаға деген соңғы үмітті өшіріп алмау керек екен. Ең маңыздысы осы екен қыздар🤍✨Шүкірсіздікпен жылап тұрып, саған көмектесе алмайтын, сені ұқпайтын адамның есігін мың мәрте қағып, жауынның астында жаурап қалғың келмесе, бір-ақ рет Раббыңның есігін соғып көр.

Осы үмітті сақтап қалсаң, иманың қайта жаңарады, қайта қалыпқа келіп, бұрынғыдай Құран да оқи алатын боласың, намазыңды да уақытылы, қалдырмай оқитын боласың. Орамалыңды да дұрыстап тағып бастайсың.

2.3k 0 32 2 200

Иманы әлсіреп, ораза екенін сезіне алмай жүрген немесе бір түсініксіз, Алладан алыстан кеткен сияқты хәлде жүрген қыздарға, әпке-сіңлілеріме айтарым:

Қолдан жасалған депрессияның құрбаны болмаңыздар.🫶🏻
Бұл сөз ауыр естілуі мүмкін, біреулерге тіпті ұнамайды да, бірақ бұл шындық. Рухыңызды мәжбүрлеп болса да Құран оқыңыз, мәжбүрлеп болса да кітап оқып, зікір айтыңыз. Арзан дофаминдерге, арзан ләззәтқа, музыкаға жүгіргенше, чат GPТ- мен сөйлесіп, проблемаңызды айтқанша, Раббыңызға апаратын жолдарды іздей беріңіз.

Ми бүгін болмаса ертең қабылдап бастайды, депрессияда жата берудің пайдасы жоқ екенін. Жүрек қабылдап бастайды, Раббысынан басқа ешкімнің қажеті жоқ екенін.

Жеңілді қиындатудың қажеті жоқ. Күнделікті әдеттеріңізге құлшылықты араластырып отырсаңыз болды. Әйелдік, аналық өміріңізге де✨Қыз ғұмырыңызға да осы жетеді..🌷


Түнде ұйықтар алдын Раббыңызды ойлап жатыңыз.

Бүгін сізді шаршатқан мәселелер, ойлар, адамдардан Раббыңызбен демалыңыз. Музыкаға айтпаңыз. Адамдарға айтпаңыз. Отбасыңызға айтпаңыз.

Тек Раббыңызға айтып, тәтті-тәтті ұйықтап кетіңіз…


for girls

Құрметті қыздар қауымы, ешқашан өзіңіздің құнды, бағалы екендігіңізді ұмытпаңыздар. Сіздер сирек кездесетін алмаз тәріздісіздер. Тіпті дінімізде де сіздердің орындарыңыз ерекше. Үнемі өзіңізге махаббатпен, сыйластықпен қараңыздар және өзіңізді сыйламайтын, бағаламайтын жерден кете біліңіздер.

Өзіңізді мықты, биік екеніңізді көрсетудің қажеті жоқ, мәжбүрлемеңіз. Біздің табиғатымыз нәзіктіктен тұрады ғой. ИншаАлла өмірімізде бізді қорғайтын, алақанында аялап ұстайтын жандар кездеседі.🤍✨

Мейірімді болайық, әйелдің күші мейірімде…

2.5k 0 49 6 186

Жазмыштан озмыш жоқ. Уақыттан асып ешқайда кете алмаймыз. Раббымыздың қалауы болады, болды. Өмір бойы уайымдап жүргеніміз осы ғана… “Қалай бағам, қалай үйленем/күйеуге шығам, қалай өмір сүрем?” деп жүріп, өз жүрегіміздің үнін естімей, ел мен жұртқа жем болып, көңілдің құлы болып кете береді екенбіз.

Ең жаманы- өміріңде бәрі болып, бірақ ең Сүйікті Раббыңның болмауы екен ғой. Басқалар кім болыпты?! Тек Раббыңызбен байланысты ғана маңызды деп біліңіз. Адамдар ешкім емес. Дүние де ештеңе емес. Басқасының ұпайы нөл.

Тыныштал…🤍✨


Әйел үнемі бақытты іздейді бірақ таппайды. Іздейді бірақ таппайды.

Ол көзі жылтырап айналасына қарайды, құрбыларына қарайды, жұмысындағы басшыларға қарайды. Елпеңдеп тағы күйеуіне қарайды.

Бірақ Раббысы жаққа көп қарамайды. Оның хикметтерін сезінуден, Онымен кездесуден қашады. Раббысы Өзіне 5 мәрте шақырса, ол 5 мәрте жер бетіндегі жаратылғандармен кездесуді жөн көреді. Кейде сол адамдар дарақыланып, ерекшеленіп тұратындай, ол әйелге үнемі қол ұшын созатындай, оны жақсы көретіндей…

Әйел солай алданады. Раббысының нығметін көңіл қалауына ауыстырып алданады…


Қыз, сен түбінде Оған баратыныңды біл…

Қазір өміріңнің қуанышты сәттері болып жатса да, жүрегің бір-ақ сәтте жаралана қоятынын, содан соң тірі жанға сенбей, әбден жарақаттанып Раббыңның алдына баратыныңды, Онымен сырласқың келетінін ұмытпа.

Оны жүрегіңнің мәңгі іздейтінін, жаратылғандардың махаббатынан тыныштық таппайтыныңды ұмытпа.

Раббыңнан басқа ешкім сені бақытты етпейтінін ұмытпа…

2.6k 0 37 1 145

Үнемі өзіме айтатыным: “Саған Раббың жеткілікті ғой, ештеңені уайымдама, Ол сені естиді”🤍

Қатты қобалжығанда, шошып-үркіген сәтте осы сөздерді ішімнен бір-екі қайталау жеткілікті. Ішімде бір мықты стержень (қазақшасын білмеймін) пайда болады. Кейде адамдарға көп ренжіп, көп күтіп, өз күткенімнен жапа шексем, тәубеме келіп, осы сөздерді айтамын.

Алла менімен бірге. Басқа кімнің керегі бар?
Раббымның орнын ешкімнің басуына жол бермеймін.

4.6k 0 72 4 232

Кейде жұртпен жарысып, бірдеңеден қалып кеткендей ауыыыр өмір сүреміз ғой.

Көңіл сол кезде шаршайды екен қатты. Сүйенетін тірек, сүйетін адам таппай шаршайды. Сондай хәлде жүрген әпке-сіңлілеріме де, өзіме де айтарым: “Сен ешкімнен қалып бара жатқан жоқсың. Сен жай ғана өзіңнің әдемі жолдарыңмен жүріп келе жатырсың…

4.1k 0 49 5 187

Алланы қатты жақсы көріңіз🤍

Раббыңызды қатты жақсы көріңіз, адамдардан да, жұбайыңыздан да, балаларыңыздан да…Жер бетіндегі жаралғандардан қатты жақсы көріңіз, Раббыңызға ғашық болып мас болыңыз. Сонда алды-артыңызға жалтақтайтын, біреуді ес-түссіз сүйетін, жүрегіңіз жараланып қалатын уақытыңыз болмай кетеді. Жүрегіңіз тек гүлдейді, тәтті-тәтті сезімдермен соғатын болады. Раббыңыздың махаббаты - тікенсіз гүл секілді, жараламайды, керісінше көңіліңіз ғашық болады, тәтті иістер шығады. Ал адамдардың махаббаты- тікені көп гүл сияқты. Тікендері қолыңызды қанатады. Шындығында сүйгеніңіздің бәрін Раббыңызға бересіз ғой.

Ал Алла Тағаланың мейірімі мен махаббаты мәңгілік.


Күнә жасамасақ, кешірім сұрамайтын хәлге кіріп кетпедік пе? Соны қарап жүрейікші.

“Бүгін күнә жасамадым, үйден шықпадым, қай күнәм үшін тәубе етем?” деп ойламайық. Үйіңнің төрінде отырсаң да күнә жасайсың. Ол өзіңе сезілмеуі мүмкін. Тілмен, көзбен, ауызбен, қаншама дене мүшемізбен күнә жинап алып жатырмыз…Тәубе, кешірім..Кешірім, тәубе…

Рамазанды осылай өткізейікші, бауырларым🤍


Асығып өмір сүреміз.

Біреудің біреумен жарысатын, сәл қателік жасаса, “өрескел” деп танитын заманы…Отбасының өзге адамға, жақынның жатқа айналатын кезі. Сүйгенің сүрінгеніңді, бауырың бүлінгеніңді күтетін уақыт…Қайда бара жатқанымыз белгісіз, әйтеуір қатты асығыспыз. Жан-дүниеңді біреуге ақтарғың-ақ келеді, бірақ оның уақыты жоқ. (саған уақыты жоқ)

Шындықты қабылдау керек шығар. Өміріңнен кеткен адамдарды алғыспен, разылықпен шығарып салатын уақыт жеткен шығар. Раббыңның сен үшін жаратқан кереметі тек адамның алғысымен шектелмейді ғой. Асығыс адамдар жолынан қалмай жүре берсін. Тек сен асықпашы..

6.3k 0 62 3 204

Үнемі жаны таза, ақкөңіл, мейірімді адамдармен дос болыңыз, сөйлесіңіз. Үнемі өзіңізден де тақуа, білімді, иманы жоғары жандармен ақылдасыңыз. Өз әлеміне қамқор бола білген адам сіздің әлеміңізге де қиянат жасамайды. Жүрегі таза, мінезі жақсы жандармен дос болып, сол мінездердің өзіңізге “жұға бастағанын” байқайсыз.

Әрдайым Алланы есіңізге салып, тәубе етуді есіңізге түсіріп, насихатын айтып отыратын достан алыстамаңыз, себебі ондай адамдар- Алланың үлкен сыйы…


Әлеміңізді ешкімге ашып, дәлелдеп көрсетпесеңіз де, сізді үнсіз түсінетін, кітап секілді оқи алатын адамдар кездеседі. Олар сізді жақсы көріп оқи алатыны соншалық, әрбір әріп, дыбыс, сөз, сөйлеміңізді байыппен, қатесіз оқи алады. Кейбіреулер секілді тез оқып шықпайды. Кейбіреулер секілді “бұл кітап қызық емес екен” деп жауып тастамайды. Кейбіреулер секілді сізді біреуге “сыйлап” жібермейді. Кітапхананың адам қолы жетпейтін ең биік жеріне жасырып қояды.

Оны ешкім сұрамайды, себебі ешкім көрмейді. Өзінен басқа…

(әңгіме кітап жайында емес)

6.6k 1 115 15 230

Арзан дофаминге жүгірмеу керек…📺📱💤

Кино қарау, тикток түсіру, рилс көру, ұйықтай беру- мұның барлығы аз уақыттық арзан дофаминдер. Бұл істердің белгілі бір мерзімге жалғасатын ләззәті, рахаты болады (бірақ қысқа)❗️

Егер ішкі дүниеңіз осындай мәнсіз, пайдасыз істерге ұмтылып тұратын болса, өзіңізді күштеп, күніне 2-3 бет болса да кітап оқуға, я 1 бет Құран оқуға тырысатын болсаңыз, ұзақ уақыттық дофамин аласыз. Шабыт ашылады басқа дүнияуи істерді жасауға да. Соңғы уақыттары осы нәрсе маңдайыма қатты тиіп жүр. Осы кезге дейін неге өзімді мәжбүрлеп болса да, пайдалы істерді тұрақты жасауға итермелемедім деп ойлап қалдым.


Энергияны, шабытты сақтау жолы🤍⬇️

Егер бір нәрсе жасайтын кезде, ол ісім Алла үшін болмаса, маған оны жасаудың қажеті жоқ. Егер ашуым Алла үшін болмаса, маған ашуланудың қажеті жоқ. Егер айтылатын сөздерім Алла үшін болмаса, ол сөздерді сыртқа шығарудың қажеті жоқ. Егер мен бір адамды Алла үшін сүймесем, онда маған сүюдің қажеті жоқ.

Қашан амалдарым Алла үшін болады, қашан шынымен Алланы танып, жақсы көріп, Оны ұлықтап бастаймын, қалған дүние маңызын жоғалтады. Бәрін Алла үшін жасап, энергияға, қуатқа толып, жаңа шабыт алып бастаймын…


Жан-жағыңыздағы қыздарға, түрлі шаш үлгілеріне, маникюрге, кірпік жапсыруға қызығып жүрсеңіз, алдыңызда ораза келе жатқанын ұмытпаңыз. Оразада осы айтылғандардан тыйылып, Алла үшін тыйым салынғандарды жасамайтын болсаңыз, сіз 1 айда басқаша болып шығасыз Алла қалауымен.

100% сеніммен айтамын, сіз Алла үшін сізге сүйікті болған нәрседен бас тартсаңыз, ‘Азза уа Джаль оның орнын басқа бір көркем, әдемі, көзіңізді қуантатын нәрсемен алмастырады.

Бір нәрсеге жүрекпен байланып, нәпсіні Раббыңыздан артық жақсы көре бастағанда, ол нәрсенің көз алдыңызда быт-шыт бола бастағанын байқайсыз. Қыздар, тек Алланың қалауы жүреді, біздің тілеуіміз емес.

Ол сондай Алла, ешқашан сізге, маған жамандық қаламайды.🤍Ол Мейірімділердің Мейірімдісі. Демек не істейміз? СубханаАлла уа Тағаляны нәпсімізден артық жақсы көреміз, нәпсіге жаққанның бәрін тастаймыз, лақтырамыз…

5.5k 1 36 4 172

Қанша күнә жасаса да, Раббысына бара беретін, жан-тәнімен егіліп жылайтын, жасаған күнәсін жалтармайтын құл қандай жақсы деп ойлаймын. Осы дүниеде екіжүзді болудан, басқаша болудан қорықпаса да, Раббысының алдына барғанда қорқыныштан қос иығы селкілдеп, ұяттан есі кетіп жылайтын құл…Қандай бақытты құл еді.🤍

Әрбіріміздің ішімізде осындай бір әлсіз, мұқтаж құл жатыр. Қазір біреу біреуді түзейтін, айыбын еске салатын заман емес. Түнде әрбір адам Раббысымен бірге болады (күндіз адамдармен болса да)

Раббымыз бәрімізді тура жолға салсын!


Менің арманымдағы екеуміз…

Екеуміз жердің бір жеріндеміз. Ол жерде сен барсың. Ол жерде күн шұғыласын ерекше төгеді. Себебі сен барсың.

Бір-біріміз жайлы жаман ойлар жоқ. Жылап қалсам, жеккөрінішті болам ба деп қорықпаймын. Тура сол сияқты, сен біртүрлі қылықтарыңнан, күлкілі биіңнен ұялмайсың. Екеуміз бақыттымыз. Араға түсетін бөтендерге әлдеқашан “жоқ” дегенбіз. Достардың кеңесін тек керек кезде ғана тыңдап, артынша өз дегенімізді жасаймыз. Мен ыдыс жуғанда, сен әңгіме айтып үстел үстінде отырасың үнемі. Қолыңда телефон жоқ. Су ішкің келгендей сыңай танытып, менің жаныма жақындағанда, мен сенің көздеріңді ұстап аламын. Ол көздер-мені сыйлайтын, жақсы көретін көздер.

Сен мені Меккеге апардың. Екеуміз Меккедегі қара тасты саусақтарымызбен ұстап, ұзақ тұрдық. Сосын перзенттеріміз үшін дұға еттік. Махаббатымыз әуелден тілімізде.

Менің арманымдағы екеуміз сондай бақытты. Мен саған күнде жылулық, бақыт, нәзіктік сыйлап, сен қалаған көңіл-күйді әперемін. Ал сен маған армандарымды әперші. Екеуміз осылай келісейікші, жақсы ма?


Өмірде токсик адамдар өте көп…Үнемі налып, шағымданып, ренжіп жүретін, әрі кеңес айтсаң, ол кеңесті қабылдағысы келмейтін, қарсыласатын адамдар өте көп. Сондай жандардың қасында болсаңыз, ол мінездер сізге де беріле бастайды. Аурамыз өте ауыр болып, басқа адамдармен танысу, олардың жақсы тұстарын көру, мойындау қиын болып бастайды. Шағымдану мен ренжуді, ғайбатты норма деп қабылдап бастаймыз. Тіліміз ол сірә уланып бастайды.

Сондықтан өтініш, кіммен сөйлесесіз, кімді жақсы көресіз, жақын тартасыз- бәріне қараңыз…(өзіме де ескерту)📌🤍

5.4k 0 52 3 193
20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.