“ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ” АҚ


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


“Өзен” және “Қарамандыбас” кенорындарын игеруші компания

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
ӨЭМБ-ның 1-ӨЭҚ қызметкерлері арасында «6 кВ электр қондырғыларынан өрт шықты»тақырыбында өртке қарсы оқу-жаттығу шарасы өтті.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорымен бекітілген 2024-2027 жылдарға арналған өндіріс қауіпсіздігінің, еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудың жай-күйін жақсарту жөніндегі Жол картасы аясында Қоғам қызметкерлерінің баласы үшін өндіріс қауіпсіздігі бойынша интерактив мастер-класс өткізу жоспарланған болатын.

Мастер-кластың негізі бағыт-бағдары Қоғам қызметкері балаларының өрт қауіпсіздігі ережелерінің маңызын білуге және алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді нығайтуға бағытталған іс-шара болып табылады.

Өрт – адам өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізеді. Қоршаған ортаға үлкен материалдық зақымын келтіреді. Бір сөзбен айтқанда тілсіз ЖАУ!

Алғашқы көмек – адам өміріне немесе денсаулығына оқыстан қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралардан тұрады.

Сондықтан баланың қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелері мен алғашқы көмек көрсету туралы білімін қалыптастыру қажет деп есептейміз!


Еткен еңбектің еленгені кімге де болсын үлкен қуаныш. Осындай қызмет атты белестен өтіп, зейнет жасына жеткен Гүлайым Жанқасымованы Мұнай өнеркәсібі құралдарын және телекоммуникацияларды жөндеу басқармасы салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарып салды. Осы басқармада 23 жылға жуық табан аудармастан кадр саласында қызмет еткен маманға адресат, естелік сыйлық, зергерлік бұйым, гүл шоғы табысталды.

– Ұзақ жылдық абыройлы еңбегіңіз еленіп, құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын. Қызметте білікті маман, ұжымда сыйлы әріптес бола білген Өзіңізге ұзақ ғұмыр, мол қуаныш тілеймін, – деді басқарма директорының міндетін уақытша атқарушы Иса Ешпанов.

Гүлайым Түрікмен мұнай техникумын тәмамдап, еңбек жолын тұз комбинатынан буып-түюші болып бастады. Кейін түрлі мекемеде түрлі қызмет атқарып, 2001 жылы сол кездегі «Ремсервис» ЖШС-іне диспетчер болып орналасып, кейін есепші, Персоналды басқару бөлімі бастығы, кадр маманы лауазымында адал еңбек етті.

– Зейнет жасына аман-есен жетіп, абыроймен кетіп барамын. Еш өкпем жоқ. Бәріне ризамын. Ендігі жерде Алла тағала немере-жиен арасында кластасым болған отағасыммен берекелі ғұмыр кешуге жазсын, – деді Гүлайым Ағатайқызы.
















ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Заявление касательно ситуации в компании Озенмунайгаз

✔️КазМунайГаз внимательно следит за ситуацией в Жанаозене и ранее дал детальные разъяснения по каждому требованию работников Управления буровых работ производственно-структурного подразделения компании «Озенмунайгаз».

🔴В первые дни на несанкционированной акции участвовали 1 700 человек. Но после разъяснительных бесед большинство работников вернулись на рабочие места. К этому времени отказываются выходить на смену 281 рабочий, выдвигая требования, основанные на недостоверных сведениях.

✔️С 2021 года и по итогам 10 месяцев текущего года на работу в Озенмунайгаз принято 1978 человек, из них 199 человек в Управление буровых работ.

В целом, в компании созданы хорошие условия, где размер социальной поддержки на одного работника — один из самых высоких в регионе.

📄 Действующий Коллективный договор Озенмунайгаза заключен 25 апреля т.г. между ОМГ и тремя Профсоюзами. В этом году размер социальной поддержки был увеличен на сумму порядка 9 млрд тенге. Также зарплата работников ОМГ ежегодно индексируется. В 2022 году зарплаты работников увеличены на 30%, в 2023 году на 9,5%, в этом году на 8%.

✔️Коллективным договором предусмотрено более 40 видов социальной поддержки: премии к государственным, национальным и профессиональным праздникам, льготный заем на приобретение и расширения жилья, медицинское обслуживание, выделяется 2 500 путевок в санатории, ежегодно около 4 500 детей работников ОМГ направляются в детско-оздоровительные лагеря, предусмотрены ежемесячные выплаты в детские сады, средства на обучение в высших учебных заведениях в зависимости от успеваемости детей работников. Также предусмотрены льготы при заключении брака и другое.

☑️Отметим, что на сегодня Озенмунайгаз идет с отставанием плана добычи. Невыполнение плановых показателей скажется на финансовом положении компании. В этой связи, призываем работников Управления буровых работ выйти на работу. Также напоминаем о необходимости соблюдения законов страны.

С первых дней выдвижения требований с сотрудниками Управления буровых работ ведет переговоры руководство Озенмунайгаза.

📱 ҚазМұнайГаз


ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Өзенмұнайгаз компаниясындағы жағдайға қатысты мәлімдеме

✔️ҚазМұнайГаз Жаңаөзендегі жағдайды жіті бақылап отыр және бұдан бұрын «Өзенмұнайгаз» компаниясына қарасты Бұрғылау жұмыстары басқармасы жұмысшыларының әр талабы бойынша нақты түсініктеме берген болатын.

🔴Бірінші күндері рұқсатсыз акцияға 1 700 адам қатысқан. Бірақ түсіндіру іс-шараларынан кейін жұмысшылардың басым бөлігі жұмыс орындарына оралды. Бүгінде 281 жұмысшы жалған ақпаратқа негізделген талап қойып, жұмысқа шығудан бас тартып отыр.

✔️2021 жылдан бастап және биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Өзенмұнайгазға 1978 адам жұмысқа қабылданып, соның 199-ы Бұрғылау жұмыстары басқармасына орналасты.

Жалпы, компанияда жақсы жағдай жасалған, бір қызметкерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау мөлшері — ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

📄 Өзенмұнайгаздың қазіргі ұжымдық шарты биыл 25 сәуірде ӨМГ мен үш кәсіподақ арасында қабылданып, әлеуметтік қолдау сомасы тағы шамамен 9 млрд теңгеге ұлғайтылды. Сонымен қатар ӨМГ жұмысшыларының жалақысына жыл сайын индексация жүргізіледі. 2022 жылы қызметкерлердің жалақысы 30%-ға, 2023 жылы 9,5%-ға, биыл 8%-ға көтерілді.

✔️Ұжымдық шартта әлеуметтік қолдаудың 40-тан астам түрі көзделген: мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелерге арналған сыйақы, баспана сатып алу мен кеңейтуге жеңілдікпен несие беру, медициналық қызмет көрсету, жыл сайын шипажайларға 2500 жолдама бөлінеді, ӨМГ қызметкерлерінің шамамен 4500 баласы балалар-сауықтыру лагеріне жіберіледі, ай сайын балабақша ақысы өтеледі, қызметкерлер балаларының оқу үлгеріміне қарай жоғары оқу орындарында оқыту үшін қаражат көзделген. Сондай-ақ неке қию кезінде және басқа да жеңілдіктер қарастырылған.

☑️Айта кетсек, бүгінде Өзенмұнайгаз өндіру жоспарынан қалып келе жатыр. Жоспарлы көрсеткіштердің орындалмауы компанияның қаржылық жағдайына әсер ететін болады. Осыған байланысты, бұрғылау жұмыстары басқармасының мамандарын жұмысқа шығуға шақырамыз. Сондай-ақ, ел заңдарын сақтау қажет екенін еске саламыз.

Талап қойылған күннен бастап бұрғылау жұмыстары басқармасының жұмысшыларымен Өзенмұнайгаз басшылығы келіссөз жүргізіп жатыр.

📱 ҚазМұнайГаз


Қазақ мұнайының өндіріле бастағанына 125 жыл, «Өзенмұнайгаздың» ашылғанына 60 жыл толуына орай ардагер мұнайшы Жәңгірхан Мыса тұрған үйге ескерткіш тақта қағылды.

Салтанатты іс-шараға ардагер мұнайшылар Мұрат Құрбанбаев, Асылбек Сырлыбаев, Ізберген Оспанов пен үзеңгілес достары, бас директордың адами ресурстарды басқару жөніндегі орынбасары Амантай Смадинов, отбасысы, тумаластары қатысты.

Көз көргендер марқұмның өңір мұнай газ саласына сіңірген еңбегі жайлы естелігін тебірене жеткізді.

Жәңгірхан Мыса 1950 жылы 19 қарашада Маңғыстау облысы Жармыш ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын Маңғыстау газ өндіру басқармасында 5-дәрежелі мұнай газ операторы болып бастап, кейін лауазым баспалдығымен көтеріліп, жауапты басшылық қызметтерді атқарған.

2007 жылы «ҚазГӨЗ» ЖШС директорының газ және газ конденсатын өндіру және геология жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалып, 2017 жылға дейін адал еңбек еткен.

Қадірлі азамат Маңғыстау облысының газ өндіру және игеру саласының дамуына мол үлес қосып, Теңге, Қарамандыбас, Өзен, Ақтас, Батыс Теңге кен орындарының игерілуіне қатысқан.

Ол білгенін жас мамандарға айтудан, көрсетуден еш жалыққан емес.

Еңбек етуді өмірінің мәні деп түсінген Жәңгірхан Мысаны өскелең ұрпақ мақтаныш етеді.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


«Өзенмұнайгаз» жайдарман командасы республикалық Ұлттық лига ойынының финалдық бәсекесінде жүлделі 2-орынды иеленді.

32 команда өзара бақ сынасқан Ұлттық лиганың 1/8, 1/4 ойындары мен жартылай финалда да «Өзенмұнайгаз» командасы өз тобында бірінші орын иеленіп, фавориттердің қатарында болды.

Финалда 6 команда өнер көрсетті. Атап айтсақ, «Абырой» (Шымкент), «Самал3» (Шымкент), «Ассамблея» (Астана), «Алмаз» (Қарақалпақстан), «Европолис» (Орал), «Өзенмұнайгаз» (Жаңаөзен).

«Ассамблея» –🥇
«Өзенмұнайгаз» –🥈
«Самал 3» –🥉


Өзен кен орнындағы мұнай өнімділігі мен мұнай өндіру тиімділігін арттыру процесі техника арқылы жүзеге асады. Сондықтан компания басшылығы кезең-кезеңмен Қоғам техникасын жаңартып келеді.

– 2022 жылы 201, былтыр 79 техника сатып алынды. Биыл 78 техника сатып алу үшін тендер арқылы анықталған мекемелермен 21 келісімшарт жасақталды. Қазіргі таңда 10 Toyota Coaster, 4 King Long автобусы, 2 Toyota Hiace, Shacman, Камаз, Урал базасынан алынған әр түрлі 30 техника мұнайшы игілігіне берілді. Жыл соңына дейін қалған 32 техника жеткізілетін болады. Сондай-ақ келесі жылға 116 техника сатып алуды жоспарлап отырмыз, – дейді Транспорт департаментінің бөлім бастығы Асқан Төлеуов.

Жылдар өткен сайын кәсібилене түсіп, тәжірибесін шыңдап, күн-түн демей еңбек етіп, Өзен кен орнының дамуына қомақты үлес қосып жүрген жүргізушілерге тақымға бұйырған жаңа темір тұлпар құтты болсын дейміз!


Қадірлі әріптестер!

Сапа қызметкері күні кәсіби мерекесі құтты болсын!

Кайзен жобасын енгізу арқылы сапа менеджментін қалыптастырып, жұмыс тиімділігін арттыруға қосқан сүбелі үлесіңіз үшін Сіздерге бас директор ретінде шексіз алғыс білдіремін.

Кайзен философиясы – адамның жұмыс орны ғана емес, санасы да таза болғанда істің жақсы жүретінін, мекемедегі әрбір қажетсіз зат, тіпті шаңы сүртілмеген терезе, ұзақ уақыт сыланбаған қабырғаға дейін кедергі келтіріп, таза жерде жұмыс қабілетінің артатынын ұқтырды.

Заман лебімен өмір сүре жүріп, жаңаны үйренуді тоқтатпай, атқарып жүрген кәсібіңді соңғы минутыңа дейін жақсы көру қажеттігін үйретіп жүрген Өздеріңізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тілеймін.

Құрметпен, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Жанболат Саймағанбетов


Бұрғылау жұмыстары басқармасы, ӘӘҚБ инженері Орынша Түсіпова биыл Павлодарда өткен спартакиадаға қатысып, бес тас ойынынан 2-орын иеленіп, жеңімпаз атанды.

–Павлодар қаласына алғашқы баруым. Ұнады, Спартакиадаға да алғаш қатысуым. Керемет мереке болды. Әдемі көңіл-күй. Ерекше атмосфера. Марапаттау сәтіндегі қайталанбас эмоция. Алған әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес, – дейді Орынша.

Жеңу қашан да биік мәртебе, ал жеңілудің өкініші ащы. Марапат құтты болсын, әріптес!


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


«Риза-Ана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен компания қызметкерлері қаламгер, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Рахат Қосбармақовпен кездесті.

Қаламгер халқымыздың салт-дәстүрі жайлы айтып, соңғы уақытта қазақтың тойы мен садақасында орын алып жүрген дарақылық пен даңғазалық туралы әңгіме қозғады.

– Қазақтың бүгінгі тіршілігі күнде жиын, күнде тойға айналды. Әлеуметтік желіде әдемі өмірді көрсетеміз деп, небір ақылға қонымсыз дүниелер шығып кетті. Той-томалақта, садақада да дастарханды аста-төк тамаққа толтырып, жөн-жосықсыз шашылып, ретсіз шығындалып жүрміз, – деді Рахат Құсайынұлы.

Кездесуде қатысушыларға бір күндік даңғазаны мәндірек, маңыздырақ нәрселерге алмастыруға, білім алып, еңбек етіп, отбасыға көңіл бөлуге шақырды.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.