Qalan.kz


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Ата-аналарға арналған пайдалы ақпараттар! 🚀

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Бүгін – сенбі🤩

⌨️Бүгін – апта бойғы қарбаластан кейін демалып, жан тыныштығын табуға мүмкіндік беретін ерекше күн.

Демалыста жаныңыз тыныштық тауып, барша жоспарларыңыз орындалсын. Күніңіз жарық, көңіліңіз шат болғай! 🤗

Ал оқырман, бүгінге қандай жоспарыңыз бар? 😉

📷instagram | 🚀telegram


🔴🟥📹ЕСТІМЕГЕН ЕЛДЕ КӨП😱

🔹Адам миы күніне шамамен 50,000 ой ойлап табады, бірақ олардың 70%-ы теріс болуы мүмкін.

🔹Адам денесінде 96,000 шақырымға жететін қан тамырлары бар. Бұл Жерді екі рет айналып шығуға жетеді!

🔹Күлу адамның иммунитетін жақсартады және жүрекке пайдалы. Күлу кезінде дененің 400-ге жуық бұлшық еті жұмыс істейді.

🔹Адам денесінің 60%-ы судан тұрады, ал ми мен жүрек 73% судан құралған.

🔹Адам денесіндегі ең мықты сүйек – жамбас сүйегі. Ол бетоннан да мықты.

🔹Бір адамның шашы шамамен 100 килограмм салмақты көтере алады.

🔹Адам жүрегі өмір бойы шамамен 3 миллиард рет соғады.

Бұл фактілер денсаулықтың күрделі және таңғаларлық екенін көрсетеді. Ақпарат пайдалы болса, реакция қалдырып, достарыңызбен бөлісіңіз🔥🤗


✔️Жас мұраты, білім, тәлім — талабы...
Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы.

Ілияс Жансүгіров


📷instagram | 🚀telegram


СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ? 😱

🫢Баланың қабілеті 5 жасқа дейін айқындала бастайды.

🗣️Ғалымдар ми нейрондарының 90%-ы 5 жасқа дейін қалыптасатынын анықтаған. Осы кезеңде баланың есте сақтау, ойлау, зерттеуге қызығушылығы жоғары болады. Егер бұл кезеңде қолдау көрсетілмесе, қабілеттер уақыт өте көмескіленуі мүмкін.

🤩Тың факт: Музыка тыңдаған балалардың миы жылдам дамиды. Әсіресе классикалық музыка есте сақтау мен математикалық қабілеттерге оң әсер етеді.

Ал сіздің балаңыздың қабілеттері қай жастан бастап біліне бастады? 👧🏻 ⬇️

📷instagram | 🚀telegram


🔴🟥📹2025 жылы «Келешек» бағдарламасы іске қосылады

0️⃣Яғни, келер жылы 5 жасқа толған балалардың шотына мемлекет 235 000 теңге аударады. Ал ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндердің есепшоты 471 000 теңгемен толығады.

💬💬Әрі жылда мемлекеттік сыйақы түсіп тұрады. Мәселен, барлық салымшыға 5, ал көпбалалы отбасыларға 7 пайыздық сыйлықақы қарастырылған.


Күні кеше ғана Сенат депутаттары мақұлдаған құжат Президенттің қол қоюына жолданып отыр✅

Мұндай бағдарламалар балалардың болашағына қаншалықты ықпал етеді деп ойлайсыз?🤔⬇️

📷instagram | 🚀telegram


✔️Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.

Дінмұхамед Қонаев

📷instagram | 🚀telegram


Сіз тез дайындалатын тағамдарды (хот-дог, пицца, суши, газды сусын) көп жейсіз бе? 🍟⬇️
So‘rovnoma
  •   Иә, жақсы көремін
  •   Жоқ, мүлдем жемеймін
  •   Анда-санда жеймін
399 ta ovoz


😨Ғалымдар адам өміріне қауіпті 6 өнімді анықтады

❕Зерттеу нәтижесінде, тізімнің басында хот-дог тұр. Ол адам өмірін 36 минутқа кемітеді, ал оны газдалған сусынмен тұтыну, тіпті зиян екен.

‼️Ғалымдар нәтижеге анық көз жеткізу үшін 6 мыңға жуық тағамға тәжірибе жасаған. Қауіпті өнім қатарында кептірілген ет, жұмыртқа және сэндвич бар.

✅Ал мамандар адамның өмір жасын ұзартатын өнімдерге жеміс-жидек, көкөніс және балықты жатқызып отыр. Оның құрамындағы пайдалы дәрумендер ғұмырымызды 48 минутқа дейін ұзартуға мүмкіндік береді дейді.

📷instagram | 🚀telegram


😱МҮМКІН ЕМЕС, БІРАҚ ШЫНДЫҚ

💬 Кейбір ата-аналар баласының математика, өнер немесе спортта үлкен жетістікке жетуін мүмкін емес деп ойлайды. Бірақ қолдау көрсетілген бала кез келген шыңды бағындыра алады. Мысалы:

🤩Әлемге әйгілі ерекше балалар

1. Моцарт – 3 жасында музыка жаза бастаған, 5 жасында концерт берген.
2. Альберт Эйнштейн – Мектепте қиын оқушы ретінде танылса да, кейін әлемге әйгілі ғалым болды.
3. Малала Юсуфзай – 17 жасында Нобель сыйлығын алған ең жас қыз. Ол білім алу құқығы үшін күрескен.
4. Ким Ун Ён – 3 жасында 4 тілде сөйлеп, 8 жасында NASA-да жұмыс істеген.

Қалай ойлайсыз, бала жетістікке жетуі үшін не қажет? Сіздің балаңыздың қазірге дейін қандай жетістігі бар🤗⬇️

📷instagram | 🚀telegram


✔️Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

Абай Құнанбаев


📷instagram | 🚀telegram


БАЛАҢЫЗ ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БІЛЕ МЕ

🙌Баланың қауіпсіздігі – маңызды. Бала әртүрлі жағдайларға тап болуы мүмкін, сол үшін, әсіресе, жолдағы қауіпсіздікті үйретіңіз!

🚦Жаяу жүргіншілер үшін ережелер: Балаға жолда жүру ережелерін үйрету маңызды. Жаяу жүргінші жолақтарын пайдалануды және бағдаршамды үйрету қажет.

🚘Автокөлік қауіпсіздігі: Бала автокөлікте тек арнайы балалар орындығында отыруы керек. Бұл оны жол-көлік апаттарынан сақтайды.

Көшеде телефон қолданбау: Телефонға немесе басқа құрылғыларға назар аудармай, көшеде жүру керек.

💬Ата-аналардың үлгісі: Балалар ата-аналарының іс-әрекетін көреді, сондықтан ата-ана жол ережелерін өзі де сақтап, балаға үлгі болуы тиіс.

Сіздің балаңыз жол ережесін біле ме? 🚨

📷instagram | 🚀telegram


👀СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

☺️Әлемдегі ең сирек көз түсі – жасыл. Тек 2% ғана адамдарда жасыл көз болады.

☺️Адам көзі 10 миллионнан астам түрлі түстерді айыра алады.

☺️Адам көзінің фокустық ұзындығы мен көру бұрышы әдеттегі фотоаппараттың линзасына ұқсайды.

☺️Көздің қозғалысы өте жылдам: ол минутына 100 000 ретке дейін қозғала алады.

☺️Адам көзі бір мезгілде 120 градусқа дейін көре алады, бірақ оның тек 20-30 градусы ғана анық көрінеді. Қалғаны – шеткі көрініс болып табылады.

☺️Орташа адам күніне 15-20 мың рет көзін жұмады. Бұл көздің құрғап кетпеуіне және демалуына көмектеседі.

☺️Зерттеулер бойынша, көздің түсі мінезге әсер етеді. Мысалы, көк көзді адамдардың көпшілігі ашық, жомарт әрі шығармашылыққа бейім, ал қоңыр көзді адамдар тұрақты және шешімдер қабылдауда сенімді болып келеді.

Ал сіздің көзіңіздің түсі қандай? 🤗

📷instagram | 🚀telegram


✔️Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.

Мұхтар Әуезов

📷instagram | 🚀telegram


❗️❕‼️🔺Балаға телефонды қай жастан беру керек?

📱Маманның айтуынша, егер ата-ана белгілі бір ережелерді ұстанатын болса, гаджеттерді қауіпсіз пайдалануға болады.

🔹2 жасқа дейін балаларға гаджеттер мүлдем берілмейді;
🔹3 жастан 4 жасқа дейін - күніне жарты сағаттан артық емес;
🔹5-6 жаста - күніне 1 сағат;
🔹7-9 жаста - күніне 1,5 сағат;
🔹10-13 жаста - күніне 2 сағатқа дейін;
🔹14-16 жастан бастап - күніне 3 сағатқа дейін, – дейді психолог Гүлнар Әбдірайымова.


Ал сіз балаңызға телефон ұстауға шектеу қоясыз ба? Балаңыз күніне қанша уақыт телефонда отырады?⬇️🧐

📷instagram | 🚀telegram


Бүгін – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні🇰🇿

🎉Тәуелсіздік мерекесі баршаңызға құтты болсын! Ең әуелі, елдігіміз бүтін, еркіндігіміз мәңгі болсын!

🤲Тыныштық ұжмағында ғұмыр кешейік! Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк туы əрдайым биікте желбіресін. 

Тілектеріңізді пікірге жазып кетіңіздер🤗

📷instagram | 🚀telegram


✔️Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек.

Ахмет Байтұрсынұлы

📷instagram | 🚀telegram


✔️Егер өміріңіз үйлесімділікке құрылғанын қаласаңыз, мына әдетті қалыптастырыңыз: Жұмыс пен демалыс бір-бірімен тығыз байланысты болуы керек.


Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! 🤗

📷instagram | 🚀telegram


📌Есіңізде болсын

✔️Қаншалықты биік болсақ та, үйге кіргенде басымыздағы тәжімізді шешіп, қарапайым ана, қарапайым әке бола білу – нағыз ұлылықтың белгісі!

Халық даналығы

📷instagram | 🚀telegram


❗️❕‼️🔺Күні бойы сергек жүру үшін не істеу керек?🤔

👆Ағзаны энергетикалық сусындарсыз да қуаттандыруға болады. Төменде аталған әрекеттерді жасасаңыз, күні бойы сергек жүресіз

🏃🏻‍♀️‍➡️Қозғалыңыз: Жаттығу жасау - кофеинсіз ағзаны қуаттандырудың өте тиімді әдісі. Жаттығу жасушаларды энергиямен қамтамасыз етеді.

🥦Энергияны арттыратын тағамдар жеңіз: Дұрыс тамақтану сіздің энергия деңгейіңіздің күні бойы тұрақты болып сақталуына көмектеседі.

🍶Су ішу режимін сақтаңыз: Су шаршаумен күресуге көмектеседі. Егер ағзаңызға сұйықтық жетіспесе, ұйқышылдық пен шаршаңқылық сезімі пайда болады.

😴Ұйқы режимін сақтаңыз: Сапалы ұйқы кофеинсіз сергек жүруге көмектеседі. Көбірек қуат алу үшін жеткілікті ұйықтау керек.

😮‍💨Тыныс алу техникасын үйреніңіз: Тыныс алу жаттығулары энергияны арттыруға көмектеседі.

Аталған кеңестерді күнделікті өміріңізде қолданыңыз! Ақпарат пайдалы болса, пікіріп қалдырып, достарыңызға жолдаңыз🤗⬇️

📷instagram | 🚀telegram


🗣Бала мен ата-ана: Ғылым дәлелдеген 5 факт

🗣Балалар ата-аналарының дауысына ерекше сезімтал – Жаңа туған сәби басқа дауыстардан гөрі анасының дауысын бірден ажыратады. Тіпті іште жатқанда-ақ анасының дауысын естіп, есте сақтай алады.

🗣Ұйқы режимі ата-аналарға да байланысты – Балалардың ұйқысы көбіне ата-аналарының әдеттеріне сәйкес қалыптасады. Егер ата-ана ұйқы режимін дұрыс ұстаса, бала да осы тәртіпті оңай қабылдайды.

🗣Әкелер де ана сияқты баламен ерекше эмоционалдық байланыс орната алады. Әсіресе, әкелер баламен ойнағанда, баланың әлеуметтік дағдылары тез дамиды.

🗣Баланы құшақтау ми дамуына әсер етеді – Ғалымдар балаларды жиі құшақтаудың олардың ми құрылымына оң әсер ететінін дәлелдеген. Құшақтасу арқылы баланың өзін қауіпсіз сезінуі оның дамуына ықпал етеді.

🗣Балалар ата-анасының мимикасын көшіріп үйренеді – Бала туылғаннан бастап ата-анасының бет әлпетіне, қимылдарына қарап, соларды қайталай бастайды. Бұл олардың қоршаған ортаға бейімделуінің алғашқы қадамы.

Айтыңызшы, балаңыз кімге көбірек ұқсайды: анасына әлде әкесіне😁⬇️

📷instagram | 🚀telegram

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.