Аударгазм🇰🇿🇬🇧🇷🇺


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Лингвистика


Ағылшын, орыс тілдерінен қазақшаға және кері аударудың машақаты

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Лингвистика
Статистика
Фильтр публикаций


Құрметті Аударгазм клубының мүшелері мен қонақтары,

шет ел фильмдерінің қазақша дубляжы және аудармасы бойынша бағалау критерийлерін нақты және әділ құру керек болып тұр.

Бастапқы мен берген бағалау критерийлеріне төмендегіше өзгеріс енгізу ұсынылып отыр:
===
1. Аударма дәлдігі (35%): Түпнұсқаның мағынасын, стилін және мазмұнын бұзбай, қазақ тілінде дәл жеткізу.

2. Жергілікті мәдениетке бейімдеу (25%): Қазақстанның қазіргі ақпараттық мәдениетіне тән тіркестер, мемдер мен ұғымдарды дұрыс және еркін қолдану арқылы аударманың заманға сәйкестігін қамтамасыз ету.

3. Үн мен қимыл бірлігі (15%): Аударылған мәтіннің кейіпкерлердің ерін қозғалысына сәйкес келуі.

4. Дауыс актерлерінің шеберлігі (15%): Дауыс интонациясы, эмоциялық тұрғыдан дұрыс жеткізілуі және кейіпкердің мінезіне сәйкестігі.

5. Дыбыс сапасы (10%): Дыбыс жазбасының тазалығы, фондық шу мен дауыс арасындағы тепе-теңдік және кәсіби тұрғыдан өңделуі.

2. Бағалау шкаласы:
Әр санат бойынша 10 балдық шкала қолданылады:

1–3: Нашар ( дөрекі қателері көп, қабылдау қиын).

4–6: Қанағаттанарлық (орташа, көрінеу қателер бар, бірақ жалпы түсінікті).

7–8: Жақсы (бірлі-жарым ұсақ-түйек қателері бар, бірақ жалпы көңілден шықты).

9–10: Тамаша (қатарынан көш ілгері сапа, ойлағанымнан артық).

Осы нұсқа ұнап отыр маған да.
---

Қазылар алқасында тіл мамандары, дыбысшылар, актерлер, дубляж режиссерлері, қазақ тілінің табиғатын жетік білетін сарапшылар болса, жазыңыздар.
Кемі 5 адам қажет.


Біреу еді маям, екеу болды хаям))

**Мынау Викидегі Мұхаммед Шайбан туралы мақаладан үзінді.

"Чипмунк Хан" дегеннің Бұрындық Хан екенін білу үшін дедукциялық қабілетің аз, Чипмунк деген Chipmunk - деген ағылшынша "алатышқан" -ды білдіретін сөз екенін, ал оның орысшасы "бурундук" екенін, Бұрындық ханның есімі орысша "Бурундук" деп жазылатынын білуің керек.
Үш тілді аудармашы болмасаң, қазақша жазуыңды да ұқпайтын замандар келе жатыр ма дедім))

Ал сендер "калька" дейсіңдер. Шалажасанды шалаинтеллект тудырған мәтінге адами факторды қоссақ, қазақша мәтінді қаннен қаперсіз оқып отырған қаратабан пролетарийлер жазылғанды ұқпас бұрын шешуге мәжбүр теңдеулерінің кездейсоқ мәнді шамалары көбейіп барады.
#аударма #калька

311 0 2 13 25

Қайырлы күн баршаңызға 2010-2024 жж арасында қазақша дубляждалған түрлі жанрдағы толық метраж фильм/мультфильм/анимацияларға ұсыныс қабылдау ашық деп жариялаймын.

Алдағы бір ай ішінде түскен ұсыныстарды қарап шығып, 10 балдық жүйемен бағалап, үздік 10-дықты анықтаймыз.

Ақырғы Ұпай санына ықпал ететін жағдайлар:

1. Аударма сапасы 70%
2. Дыбыстау сапасы (актерлық шеберлігі, диалог тұнықтығы, 25 %
3. Дыбыстау технологиясы 5% (стерео, 5.1, atmos дыбыс жолақтарының сақталуы)

Кандалеттеріңізді осында немесе жеке хат ретінде жібере беріңіздер.

Ұсыныс қабылдау 6 қаңтарда, сағ. 12-де аяқталады.

Ал кеттік.

531 0 0 26 11

"To dare" сөзі мен "дүрсе қою" сөзінің тамыры бір болуы мүмкін. To link "dare" in English and "дүрсе қою" in Kazakh .

While there's no direct borrowing between English "to dare" and Kazakh "дүрсе қою", they both share very ancient Indo-European roots that spread into Indo-Iranian and Proto-Germanic.
Old English durran, of

(Past form of dare in old English is "Durst")

Germanic origin, related to Gothic gadaursan, from an Indo-European root shared by Greek tharsein and Sanskrit dhṛṣ- ‘be bold’.

"Дүрсе"
Будаговтың көрсетуінше, сөздің шыққан төркіні парсы тілідүрусь — тура, кенеттен. Осы бойынша, «дүрсе қоя беру» тіркесінің мағынасын түсініктірек айтсақ — «тура бас салу» немесе «кенеттен бас салу» болмақ. Парсының «дүрусь» сөзі қазақ тілінде «дүрсе» тұлғасына дейін өзгерген.[1]
Sanskrit dictionary
[«previous (D) next»] — Dhrish in Sanskrit glossary
Source: DDSA: The practical Sanskrit-English dictionary
Dhṛṣ (धृष्).—I. 1 P. (dharṣati, dharṣita)
1) To come together, be compact.
2) To hurt or injure. -II. 1. P., 1 U. (dharṣati, dharṣayati-te)
1) To offend, hurt, injure.
2) To insult, treat with indignity.
3) To assail, overcome, overpower, conquer, destroy.
4) To dare to attack, challenge, defy.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Фильмдердің үздік аудармалары 2024

Қазақша үздік дубляжды әр жылдың соңына таман анықтау мәселесін қозғағанымыз бар еді.

Мәселені жеңілінен бастап, жобаны жылдан жылға түскен кері байланыс пен жиған тәжірибеге қарай дамыта беру ойда бар.

Мысалы, биыл тәуелсіздік жылдары жасалған танымал фильмдердің дубляждарын қарап шығып, алдымен солардың үздіктерін анықтап, содан кейін жыл сайынғы үздікті әр жанрда анықтап отырсақ.

Ол үшін басты бағалау критерийлерін, бағалайтын алқаның мүшелерін жинауымыз қажет.

Алдымен кім ниетті және кім лайықты соларды анықтасақ.

Алқа мүшелері тіл маманы болса жақсы, бірақ ол міндетті талап емес.

Алқаға әртүрлі буын өкілдері жиналса, тіпті де жақсы болады деген үміт бар.

Өзіңізді не танысыңызды ұсынамын десеңіздер, қысқаша мәлімет жазып кетсеңіздер: Аты-жөні не лақап аты, неліктен қатысқыңыз/-сы келеді/"лайықты(мын)" деп санайсыз.

Содан соң бірлесіп жұмыс істеу үлгісін құрамыз — ережесін, уақытын, тәртібін және қаржы жағын т.б. ойластырамыз.

Осыған қатысты ой-пікіріңізді ортаға салсаңыздар.

#дубляж #аударма #фильмдер


Анимесін қайдам, бейнелі өнердің алды болды

Шынымды айтсам, 40 -қа келіп, мультикке сонша телміріп қалам деп ойламадым - деп бастар ма едім. Тек мынау пәниде үнемі жаңа сезім, жаңа әсер іздеп, орныққан ойды сынға салудан талмай, мәңгі көрсеқызар болу пешенесіне жазған қасқа миымның тосынға толы екенін де жақсы білемін. Содан ба, аниме десе, Хаяо Миядзакидің толық метр фильмдерін ғана көрсем де, аниме алаңына ертелі-кеш назар тігерімді іштей сезгем.
Сауық дүниеге сағаттап құнығатын жастан өтіп кеткем. Уақытым да аз. Ендеше ең үздік деген біреуін қарасам жетер деп түйдім.
Содан қайсысы "ең-ең" деп сұрадым, жасанды интеллектіден.
Ұсынғандарының ішінен
"Алыптар шабуылы" атты анимені таңдадым.
Мына пікірді түн ортасында жазып отырмын.
Меніңше, Алыптар шабуылы Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілгеннен кейін жапондықтар бастан кешірген ұжымдық жарақаттың рефлексиясы және ядролық бомбалаудың салдарын өткерген жапондарда жойқын дұшпан тақырыбы ерекше жанрға айналған . Сериал сонымен қатар, даму қарқыны алпауыт елдерден кем түспесе де, жер қайысқан халқын жердің басқа аймақтарына жайып үлгермеген,  тап-тар жерде  өмір сүруге мәжбүр болған  халықтың қынжылысын да көрсетеді.Алғашқы минуттардан бастап аниме қатыгездік пен трагедия өмірдің ажырамас бөлігі болатын әлемге әкетеді. Исаяма кейіпкерлердің мінездерін асқан шеберлікпен ашып, көрерменді ала қырғынның ортасына тастай салады. Әрбір эпизодта біреу жақынынан айырылады, әрі бұл тұсының да өте шебер жасалғанын айту керек. Бей-жай қалу мүмкін емес. Эмоцияға толы кадрлар, ғажап музыка кейіпкерлердің әрбір әрекетін жеке драма ретінде қабылдауға көндіреді.  Алыптар тақырыбы әсіресе әсерлі, тіпті жан түршігерлік деуге болады. GPT-дің мақтауына сенсем де, бұл аниме мен үшін жаңалық болды. Біраз дүниеге басқа жағынан қаратты.  Жай ғана аниме емес, түйсігіңде әйтеуір бір із қалдыратын туынды. Қысқасы, мен көрген бейнелі туындылардың үздігі атануға дәмесі бар дүние. Қазақша дубляжы да тәп-тәуір. Көр-көрме деп ешкімді үгіттемеймін.
Тек ішімдегіні жазу керек болды.
#attack_on_titans


GPT-дің қазақшасы адам түсінетін кейіпке жуықтап қалыпты.
Мұндағы "жіп" деп отырғаны резбісі ғой, ағылшынша "thread" дегенді Amerian Express арқылы "конверттемей" лақтырған ғой тікелей біздің шотқа.
Осы "thread" дегенді аудармасаң өлтірем десе, "бедер" не "өрнек" деп алар едім.
Ағылшындарда "to thread" деген етістіктің механикада, "резбі" қазуды білдіретін қолданысы бар. Сол жерде "бедерлеу", "өрнек салу" деп мәнін түйсікке жата қалатын сөзбен беруге болар еді.
Резбісі сәйкеспейді - Бедері/өрнегі сәйкеспейді десе де ұғынықты.

Теориясында ғой, ал іс жүзінде ерлер қауымы әбден бауыр басқан "резбі" нұсқасын қалдырғанды жөн көремін.

Қысқасы, GPT-3.5 -тің іске аспайтын қазақша былдыры, 4.o нұсқасында жалпы нобайы түзеліп қалыпты, қалған кем-кетігі GPT-5-те түзеледі деп болжадым.


"Английский со словарем"

Қазақ тіліне аударатындардың ішінен, оның ішінде тіпті мүйізі қарағайдай филологтарының ішінен аудармадағы "контекст" деген киелі ұғымға жете мән беретін, оның шешуші рөлін құр пайдаланып қоймай, дауыстап айтып жүрген адам кем де кем, керісінше мойындағысы келмейтін, түсіндірме сөздіктен гөрі қостілді сөздікке көбірек бәс тігетін маман көп.

Контекст — аударманың "ләйлаһасы".
"Түгеншенің ағылшыншасы қалай болады, брат?
- Гуглдат.
- Гугл былай беріп тұр— ұнамайды.
- Не айтқың кеп еді жалпы. Контекст қандай, нендей пайымды жеткізу керек?
- Білмейм. Тек Сөздік.кз-тікі ұнамай тұр.
- Ұнамаса пәтағыма. Не айтқың келгенін білмесең, не айтсаң да бәрібір емес пе?

Контекстін бірінші орынға қоюды үйренбей, сен аудармашы емессің. Контекстіні, басты пайымды негіз еткен кезден бастап қана сенің аудармашылық саяхатың басталады.

Себебі, жекеленген сөздің әрдайым кемі екі мағынасы бар.

"Аудармашы — сөйлемдегі сөздерді қаз-қатар қойып, жеке-жеке аударып, соны біріктіріп айтатын сөздік емес"- десем, кей тіл мамандары ернін сылп еткізіп, ренжиді. "Білмесең білмейм десейш!" немесе "Көмектескің келмесе, айтсайш! - деп.
Жасанды интеллект екеш, оның өзі контекстке бағынады.

Аударылмайтын күрделі ғылыми термин не ұғым болуы мүмкін.
Бірақ көңіл-күй, жалпақ тұрмыс, қарым-қатынастағы құбылыстарды білдіретін сөздің барлығы дерлік қазақшаға аударылады.
Бұның мүмкін болуы тіліміздің байлығынан ғана емес, адамның жүйке жүйесі мен эмоцияларының түп негізі бір болғанының арқасы.
Тек қай жағдайда қолданғанына қарай бір сөзге екі сөз не одан да көп сөз балама бола алады.
#сontext


Қазақтың морфологиялық икемін пайдаға асыру немесе "қысқа да нұсқа" айдары

Бұдан әрі жұмыс барысында кезіккен күрделі оралымдар мен сөйлемдерді мағынасын жойылтып алмай* қысқарту жолдарын, оған нақты мысал-нұсқаларын қоса келтіріп, өздеріңмен бөлісіп отырмақпын.


"Үйтуді/бүйтуді қажет ететін" деген тіркесте "қажет ететін"-ді (құдай ұрып, ҚР Заңнамасын аударып жатпасаңыз) мүлде алып тастап, "-атын/-етінді" тіке негізгі мәнді арқалаған етістіктің түбіріне "ябыштырып" жіберіңіз — сөйлем мағынасын жоғалтпастан ықшамдалып қалады.

Мыс:
"Талқылауды қажет ететін өзекті мәселелердің барлығын қамтымасақ та..." дегенді

"Талқыланатын мәселенің бәрін қамтымасақ та..." деп, балапан шаштарын күзеп қоюға болады.

Одан қысқасы — ырықсыз райды жұрнағымен қоса "нахқа жіберу":
"Талқылайтын мәселенің бәрін" — бітті, Бәтима.

Одан әрі жүрсек, кейде "мәселе" деген сияқты толықтауыш зат есімді де зынданға тастауға болады (әсіресе, сөйлем тым ресми болмаса):

Мыс.: "Талқылайтынның бәрін қамтымасақ та..."

Ол жарамаса, аздаған ширақтық танытып:

"Көкейдегіні түгел қамтымасақ та" - деуге болады, контекст ондайға мұрша берсе, әрине.

* жойылтып алу — жоғалтып алу Қ-орда, Арал маңы, Қарақалпақ тілдерінің диалекті, сөге көрмеңіздер, осы аймақтың тілін көне, бөтен тілдер ықпалын көп көрмеген, тіпті қызыл кітапқа енуі тиіс диалект санаймын.

#audargazm #қысқа_нұсқа


Аудармадағы (ізбе-із, ілеспе, "сыбырлаж") және лексикологиядағы маған ең бір қызық тақырыптардың бірі — регистр мәселесі. Стилистика, регистр.
Яғни, мазмұн тұрғысындағы бір ойдың
ресми-бейресми шкала сызығындағы түрлі нұсқалары.
Және адам қатынасын білдіретін полюс (+/-) ұғымы: емірене айту, тамсана айту, сүйсіну, анық қолдау білдіру, қарсы болмау, ынтасыз қолдау, айқын бейтараптық, мүлде елемеу, тартыншақтау, ашық бас тарту, жақтырмау, түбегейлі қарсылық, менсінбей құнсыздандыру/апарып тастау, сықпырту, жер жебіріне жеткізу.

Құрметті қатысушылар, алдымыздағы талқыға бір-бір эвфемизм-дисфемизм сөздер жұбын, не уақыт болса соның үш тілдегі нұсқасын ұсынсаңыздар.
Жоғарыдағы полюс пен регистр тұрғысында тізімдерін жасап көрелік.


Құрметті Аударгазм клубының мүшелері!

Кейбір пікірлерге байланысты, "орысқұл, арабқұл, қытайқұл" деген ұлт пен болмысты балағайттайтын сөздерді, арна редакторы ретінде жақтырмайтымды ескертіп қоюдың орайы кеп тұр.

Мұнда тілдерді "ғылыми пән" (мүмкінінше) тұрғысында зерделеуге ұмтыламыз.

Тілі бөтен, түрі бөтенді бөлектеп, сабайтын құрал ретінде емес.  Ұлтшыл патриот болсаңыз еш  қарсылығымыз жоқ, бірақ арна бағыты бөлек, әрі ондай риториканы қолдамайтынымды ескеріп, арна мақсаты мен бағытына аздаған ізет танытуыңызды сұраймын.

Өз басым қазақ тілі ана тілім әрі басым тілім болған соң ғана мазмұн мен мәтінді көбіне қазақша жазамын.

Бұнымды әлдебір тілге қасақана басымдық беру емес,  тарихи һәм кәсіби сәйкестік қана деп тапсаңыз игі еді.

Арнада үш тілдің кез келгеніне қатысты мәселені үш тілдің кез келгенінде тіл білімі тұрғысында бейтарап салыстырып, талқылауға болады.

Жаңа қосылған оқырманым, қош келдің, тұрақты оқырманым төзіміңе рақмет.

#тіл_білімі #языкознание #linguistics


"Ой-жұмбақ" мен үшін сөзжұмбақ боп кетті

Атау ретінде ең нашар нұсқа таңдалғанымен келісесіздер ғой.

Райлидің басынан кешкенін көрдік енді гі жерде "Сәкөшке" бәрің күліп болған шығарсыздар.

Ендеше фильмді қарап отырып, өз басымнан кешкенімді айтайын. Аудармашы ретінде байқағанымды бөлісейін.

Жақсысынан бастайын.
Дубляж тобы, дыбыстаушы
актерлерге әдеттегідей ризамын. Өлі аударманы тірілтуге барын салған.
#ойжұмбақ #insideout

Орфоэпияға құрметі бар екен.
"Білмейм", "бармайт", "келмейт", "айтад". Одан артықты сұрау лингвист үшін әбестік болар.
Мықты дыбыстау жалпы.
Енді, аударманың мәтініне келсек.
Ара-тұра "жаныңа батад" деген бірлі-жарым аудармашылық біліктің жарқ еткен тұсы болмаса... сол баяғы орысша сөйлемдер, орысша одағайлар, сөздік.kz-пен жасалған аударма.
"Не-ме-не?" - дейтін жерде "Не-е-е???"
дейді.
Фильм соңына дейін "Не?" дегеннен құлақ тұнады.
"Же!"-дегің келеді. Қазақ "не?" -деп қай кезде айтатынын аудармашы білмейтініне күмәнім бар.
Сол баяғы жалқаулық көргенім. Қазақшаның уызына тоймағандық. Қиялсыздық.
Сол баяғы: "О жоқ!", "Тіс сауыты".
"Басылып тасталған эмоциямыз"
"Тұтығып, тұншығып жатқан" не "іштен тынған" - деп қазақша айтса несі кетер еді дейм.
Басы артық есімдіктер.
көркемдік жоқ. Одағайлар бөлек
мәселе. Нақты бұл фильм емес,
қазіргі дубляждардың ортақ күнәсі.
"О, сүйкімді!".
Ситуациялық түйсік жағы кемдеу.
Сонша күткен фильм еді.
"Баптағаны нес?" дейтін жерде "Қандай баптау?"- дейді.
Уффф. "Неғылған баптау?", "Қайдағы баптау" десе ең құрығанда.
"Қарадым/айттым тек" дейтін жерде "жай ғана қарадым/жай ғана айттым".
"А-ал енді не істейміз?" дейтін жерде
"СонЫМЕН, неМЕН айналысамыз?"
дейд.
"Тыныштық па?" - дейтн жерде "Бәрі
дұрыс па?"
"Құдайым,-ау" дейтін жерде
"О, құдайым" дейд.
"Ауырған жоқ па бір жерің?" дегенді "Бәрі дұрыс па?" -дейді.

Етістіксіз сөйлемдер:
"Мұнда жаттығу!"
Таза механикалық, меңіреу аударма.

Шынымды айтсам, 15 жыл болды
қазақша дубляжды іздеп жүріп қарап, салыстырып, зерттеп жүргеніме.
10 балдан 6 бал бердім.
Құсық емес.
Бірақ.
"Бәрі дұрыс па?*" - деп кейіпкерді қайта-қайта зар қақтырған фильмнің сұрағына, "Жоқ, қате тұстары да жетеді!"- деуге тура кеп тұр.

Тәжірибе жетіспейді. Тәуір деңгейге жету үшін 15 жыл аз ба сіздерше?

"Батыл жүрек" кейсін зерттеп, зерделеп, жақсысын алуға бола ма?
ПС. "Сенде бәрі дұрыс па?" деген сұрақты қазақ тест тапсырған соң қояды, ал мұнда ол "У тебя все в порядке?" дегеннің тікелей калькасы.
Ал орысшасы ағылшыншадан калька "Are you ok/alright?".
Орыстар бұл контекстіде "Ты цел?" деуші еді.
Қазақтар да тиісінше "Қол-аяғың аман ба?", дегендей болар еді.


#English_is_the_new_Kazakh айдары.

🇷🇺 Потерпеть крах
🇺🇸To go belly up - (сөзбе сөз аудармасы "қарны аспаннан келу)
🇰🇿Аяғы аспаннан келу /күйреу/сәтсіздікке ұшырау/банкрот болу


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Менің айтқан сөзіме сенбеңіз. Өзіңіз тексеріп көріңіз, бір жыл уағызшының қасында жүріп тіл ұстартып көріңіз. Дінге шақырып жатқан ештеңем жоқ. Бүткіл лингвистикалық паттернді үйреніп шығасыз. Адамзат риторикасының формуласы болса, оны үйренудің әмбебап формуласы - діни кітаптарды аудару мен уағыз айту. Шет тілінде уағыз оқып, тыңдап, оны өз тіліңе аударып, көпшілік жерде айтып үйренген бір жылыңыз бес жыл тіл үйренуіңізге татиды десем артық айтпаған болар едім.
Стендап шоулар қайдан шықты десең, оның да бір аяғы уағызшылықтан шыққанын көресіз.
Айтыскер ақыннан тілімізді жетік меңгерген адам кем де кем. Ең мықты айтыскерлеріміз кейін кім болды? Дұрыс. Уағызшы.
Діни кітаптар бір уақытта жазылды деп ойлаған адамнан аңқау адам жоқ.
Олар құр қияли әңгімелер емес, ерте адамзат тұрмысының тілдік құбылыстарын бойына ғасырлап жиған деректердің ықшамдалған базасы деуге болады.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Қайырлы күн, бүгін тағы бір аудиохабардың реті туып отыр.

Тақырып "интонация", яғни дыбыс ырғағы. Ілеспе аудармашыға баяндаушының тек сөйлеген сөзіне ғана емес, жалпы жиынның/тақырыптың табиғатына қарай дауыс ырғағына да мән беруі маңызды.
Келесі үнхабарды тыңдап, дауыс ырғағының мәтінді қабылдауға қалай әсер ететінін байқауға болады.

Аудармашы-синхронисттің дикциясына қойылатын талап театр әртістері мен дикторлардың даусы мен дикциясына қойылатын талаптан жеңіл, дегенмен, сол саладан бір-екі тәсілді меңгеріп алғанымыз сөзімізге тиянақты да сенімді әр беретінін байқап жүрмін. Аудионы тыңдап шығып, алып қосарларыңыз болса ортаға салыңыз.


Abai Bentin, Жоғарыдағы видеоны ермекке дыбыстаған едім. "Қой сен дыбыстамай-ақ қой", "дубляж болмаған соң ешкім қарамайды", "гоблин-сымақ" т.б. сын-келемежге қалған дүние.
Скетч 8-9 жыл бұрын аударылғанын ескерсек, бұдан да тәуір, бұдан да жинақы аударар ма едім деп ойлаймын, содан бергі жинаған тәжірибеме сүйеніп. Бірақ, дыбыстау тұрғысында нендей бір актерлік, пародистік өнер шыңына жете қойғаным жоқ.
Сондықтан, ендігәрі дыбыстауға аяқ аттап басуым қиын. Тек репликаларының мәтінін аударып беру болмаса, дыбыстаудың өзін ең құрыса Жүргеновтың студент-актерлеріне жасатқан дұрыс деп ұйғардым.

Адам өзі тәжірибе жиған сайын, басқалардың тәжірибесін де бағалай түседі. Актер адам тәжірибелі аудармашының ісін қатырмайтыны секілді, аудармашы да дубляжды салған жерден қатыра қоюы неғайбыл дүние. Тіл білгеннің бәрі аудармашы емес, фильмді мөлдіретіп аударса да, аудармашы оны сол деңгейінде мәнерлеп дыбыстай алатын актер, не диктор емес. Осыны түсініп, сапа қусаң, әр істің маманына жүгінген дұрыс.

Показано 20 последних публикаций.