UNIVER_KZ-ҰБТ / ГРАНТ / МАМАНДЫҚ / УНИВЕР


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Education


Профориентолог, Мамандық, грант, ҰБТ, ЖОО, кеңес, мотивация - бәрі осында🔥

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Education
Statistics
Posts filter


Forward from: Qazaqparat
💬 Депутат колледждерде шабандоз бен атбегі дайындауды ұсынды

Шымкенттегі футбол клубының бір жылдық бюджеті бүкіл ұлттық спортқа бөлінетін ақшадан бірнеше есе көп. Ұлттық спорт жоғары мектебі бір жылдық жұмысын қорытындылаған жиында Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай осындай дерек келтірді.

«Ұлттық спортқа бөлінетін қаржының көлемін көбейту керек. Легионерлердің қалтасын қампайтқанмен спорт дамымайды. Мысалы бір ғана шымкенттегі футбол клубына бөлінетін қаржы жалпы спортқа бөлінетін қаражаттан бірнеше есе көп. Сондықтан ұлттық болмысымызды, төл дидарымызды айқындайтын ұлттық спорттан қаржы аямайық», — деді ол.


ℹ️ @qazaqparat_kz


Бүгін Қаңтар ҰБТ-ға тіркелу ашылады✨ Сайт қатуы норма, паника ұстамаймыз, сабыр сақтап күтіп, өзіміз жүрегіміз қалаған күнге сәтті тіркелейік😘

💻 Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 20-30 желтоқсан аралығында өтеді.

📲 Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.

⏳ Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

💸 Тестілеуге қатысу құны – 5640 теңге.

📍 Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін ОРЫНДЫ, КҮНДІ және УАҚЫТТЫ өз еркі бойынша таңдайды.

Сәттілік💘


Forward from: TESTCENTERKZ
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🖥️Инструкция по регистрации на сайт app.testcenter.kz

🔻Сначала заходите на сайт app.testcenter.kz.

🔻Выбираете язык интерфейса.

🔻Далее нажимаете на вкладку «Зарегистрироваться». И пишете свою электронную почту.

🔻После переходите в электронную почту, находите письмо от Национального центра тестирования и нажимаете на кнопку «Подтвердить электронную почту».

🔻Тогда вам откроется страница для заполнения данных. Здесь необходимо ввести свой ИИН. В конце нажмите на «Сохранить».

♦️Стоит отметить, что ваш логин и пароль будет указан в письме от НЦТ. Если вы не можете найти его во вкладке «Входящие», посмотрите вкладки «Спам» и «Вся почта».

🙌Удачи!


Forward from: TESTCENTERKZ
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🖥️app.testcenter.kz сайтына тіркелу бойынша нұсқаулық

🔻Ең бірінші app.testcenter.kz сайтына кіресіз.

🔻Интерфейс тілін таңдайсыз.

🔻Ары қарай «Тіркелу» бөлімін басасыз да, өзіңіздің электронды поштаңызды жазасыз.

🔻Одан кейін электронды поштаңызға кіріп, Ұлттық тестілеу орталығынан келген хатты тауып аласыз. Хатты ашып, «Электронды мекен-жайды растау» батырмасын басасыз.

🔻Сол кезде сізге мәліметтерді толтыру парақшасы ашылады. Бұл жерге өз ЖСН-ыңызды енгізу қажет. Соңында «Сақтау» батырмасын басасыз.

♦️Сіздің логин мен құпия сөзіңіз ҰТО-дан келген хатта болатынын атап өткен жөн. Егер хатты «Кіріс» жәшігінен таба алмасаңыз, «Спам» және «Барлық пошта» жәшіктерін тексеру қажет.

🙌Сәттілік!


Forward from: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
🎓 20 декабря стартует прием заявлений для участия в январском ЕНТ, которое продлится до 30 декабря.

🖌 Зарегистрироваться можно будет на сайте Национального центра тестирования app.testcenter.kz или через приложение UTO. Само тестирование пройдет с 10 января по 10 февраля.

🖇 Напомним, в январском ЕНТ участвуют лица, не набравшие пороговый балл по результатам летнего тестирования и зачисленные в вуз по очной форме обучения на платной основе условно, обучающиеся в вузе, желающие перевестись из творческих ГОП в другие направления подготовки на платной основе, желающие перевестись на педагогические направления подготовки на платной основе, а также обучающиеся выпускных классов школ для зачисления в вуз на платной основе по желанию.


📍При регистрации тестируемые сами выбирают место, дату и время проведения тестирования.

📝 Количество предметов на ЕНТ остается прежним – три обязательных и два на выбор. Количество заданий на ЕНТ-2024 остается без изменений – 120.

🔗
Подробнее: gov.kz


Forward from: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
🎓 Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 20 желтоқсанда басталып, 30 желтоқсанға дейін жалғасады.

🖌 ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

🖇 Естеріңізге сала кетсек, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық ББТ-дан ақылы негізде басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.


📍 Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

📝 ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ.

🔗 Толығырақ: gov.kz


Forward from: Qazaqparat
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз бабалар аманатына әрдайым адал болудың және ұлт болашағына зор жауапкершілікпен қараудың мән-маңызын терең түсінеміз. Себебі тәу етер Тәуелсіздігіміз – баршаға ортақ құндылық әрі барлық игілігіміздің бастауында тұрған баға жетпес байлық. Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау – әр азаматтың перзенттік парызы.

Бүгінде Қазақстан халықаралық деңгейдегі абырой-беделі жоғары, стратегиялық бағдары айқын мемлекет ретінде болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Халқымыз бұған еселі еңбек пен ырысты ынтымақтың арқасында қол жеткізді. Біз осы берекелі бірлігімізді, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтай отырып, қиындықтың бәрінен сүрінбей өтеміз. Тәуелсіз еліміз өркениетті, озық мемлекет ретінде дами береді.

Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін!
Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін!

ℹ️ @qazaqparat_kz


Forward from: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
⚜ Президент тапсырмасының орындалуы: Министр жас ғалымдарға пәтер сертификаттарын табыс етті

🏡📃 Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жас ғалымдарға 10 пәтер сертификаттарын салтанатты түрде табыстады.

Президенттің 2024 жылғы 31 мамырда Ғылым ордасында жас ғалымдармен кездесуінде берген тапсырмасын орындау мақсатында ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін көтеру және қолдау көрсету, сондай-ақ ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру үшін Республикалық комиссия Алматы қаласында баспана беру үшін мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдарының кезекті тізімін айқындады.

Министр Саясат Нұрбек жас ғалымдармен кездесу барысында ғылым мен инновацияны дамыту – ел дамуының экономикалық бағытының негізгі басымдықтарының бірі екенін айта отырып, Мемлекет басшысының қолдауымен ғылым саласында айтарлықтай өзгерістер болғанына тоқталды.

🔗 Толығырақ: gov.kz


Forward from: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
⚜ Сенаторлар «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады

📝 Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің қызметін регламенттейтін түзетулерді мақұлдады.

«Келешек» жүйесі шеңберінде:
🔹 ағымдағы күнтізбелік жылы 5 жасқа толған балаларға 60 АЕК (221 520 теңге);
🔹 жетім балалар үшін 120 АЕК (443 040 теңге) мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу;
🔹 жыл сайын 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйақы төлеу көзделген.

💰 «Келешек» шоттарын екінші деңгейдегі банктерде және балаларға арналған МБЖЖ қатысушылары болып табылатын сақтандыру компанияларында ашуға болады.

Осыған байланысты, ата-аналар осы шоттарды ашқаннан кейін жыл сайын ХӘОТ балалары үшін 12 АЕК және басқа балалар үшін 24 АЕК мөлшерінде ең төменгі жарна төлеуі тиіс.

🔎 Мектепті аяқтағаннан кейін жинақталған қаражатты:
🎓 колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуға пайдалануға болады.
🔎 Грант алған жағдайда:
🎓 басқа білім алу қажеттіліктеріне аударуға;
💰 жинақтауды жалғастыруға;
💳 үшінші тұлғаға аударуға;
🏡 тұрғын үй алуға пайдалануға;
💸 білім туралы құжат ұсынылған жағдайда жинақталған қаражатты алуға болады.

🔗 Толығырақ: gov.kz


Сәлем достар! 💬
📌13 желтоқсан сағат 20.00-де біздің Saginov Technical University Маркетинг және кәсіптік бағдар беру бағытында жұмыс жасайтын ресми @talapker_saginov_university Instagram платформасында https://www.instagram.com/talapker_saginov_university?igsh=Y3l2MGE4ZWtnb2l4 Грант аналитик / Филолог-сарапшы, Педагог-профориентолог ТОЛҚЫН ИЗМАХАНмен тікелей эфир өтетінін хабарлаймыз.

🔊Барлық мектеп және колледж білім алушылары мен олардың ата-аналарын эфирде күтетін боламыз!🤗
……………….
Hi, gyus! 💬
📌С радостью сообщаем вам о том, что 13 декабря в 20.00 на официальной платформе Instagram https://www.instagram.com/talapker_saginov_university?igsh=Y3l2MGE4ZWtnb2l4 @talapker_saginov_university, которая работает в направлении Маркетинга и профориентационной работы в Saginov Technical University пройдет прямой эфир с Грант аналитиком / экспертом Филологом, Педагог-профориентологом ТОЛҚЫН ИЗМАХАН.

🔊Всех учащихся школ и колледжей и их родиьелей будем ждать в эфире! 🤗


Forward from: TESTCENTERKZ
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🎓ҚАҢТАР ҰБТ-СЫНА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?

Қаңтар ҰБТ-сына кімдер қатыса алатынын айтып өтсек:

📌Ағымдағы жылдың мектеп түлектері;
📌Шартты түрде оқып жатқандар;
📌Ақылы негізде басқа мамандыққа ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері;
📌Ақылы негізде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниетті студенттер.

🙌Баршаңызға сәттілік тілейміз!

📖📖📖📖📖📖📖📖

🎓КТО МОЖЕТ ПРИНЯТЬ УЧАСТИЕ В ЯНВАРСКОМ ЕНТ?

Давайте расскажем о том, кто может участвовать в январском ЕНТ:

📌Выпускники школ текущего года;
📌Условно принятые в вуз;
📌Студенты творческих специальностей, желающие перевестись на другие специальности на платной основе;
📌Студенты, желающие перевестись на «Педагогические науки» на платной основе.

🙌Всем желаем удачи!


Forward from: Qazaqstan.tv
🧑‍💻Елімізде ІТ-мамандарға сұраныс артты

Бұл салада жұмыспен қамту 12%-ға өсіп, 187 мың адамға жетті. Отандық IT-компаниялардың саны 18 683-ке жеткен.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауы бойынша Қазақстан электронды үкіметтің даму рейтингінде 193 мемлекет арасында 24-ші орында. Ал онлайн қызметтер индексі бойынша 10 көшбасшы елдің қатарына кіреді.


Forward from: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚜ 2024 жылы педагогикалық кадрларды даярлау: Жаңа мүмкіндіктер мен цифрлық трансформация

🔹 2024 жылы ғылым және жоғары білім саласында бірқатар маңызды өзгерістер орын алды. Педагогикалық кадрларды даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, қазіргі таңда 54 жоғары оқу орны педагогикалық бағыттар бойынша лицензияға ие.

📚 Педагогикалық бағыттар бойынша гранттар саны жыл сайын артып келеді, 2023-2024 оқу жылында 15 923 грант, ал 2024-2025 оқу жылында 15 973 грант бөлінді.

🌐 «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдің үздік жоғары оқу орындарында 12 665 адам дайындалып, оның 1 942 ғылыми-педагогикалық қызметкер санаты бойынша білім алды.

💻 Сонымен қатар жоғары оқу орындарындағы цифрлық экожүйе күшейтіліп, барлық оқу орындары LMS платформаларына қосылды.

🔬 Зерттеу университеттерінің саны артты, 2022 жылдан бастап 5 жоғары оқу орны зерттеу университеті мәртебесіне ие болды.


Forward from: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚜ АBAI UNIVERSITY-ДЕ ЛОТАРИНГИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

🇰🇿🇲🇫 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Лотарингия университетінің (Франция) филиалы ашылды. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр.

Лотарингия университеті – Францияның 13 қаласында 49 оқу ғимараты бар жетекші француз университеттерінің бірі.

🔗 Толығырақ

* * *

В ABAI UNIVERSITY ОТКРЫЛСЯ ФИЛИАЛ УНИВЕРСИТЕТА ЛОТАРИНГИИ

🇰🇿🇲🇫 В Казахском национальном педагогическом университете имени Абая торжественно открыт филиал Университета Лотарингии (Франция). Это значимое событие стало частью реализации задач, поставленных Президентом РК Касым-Жомартом Токаевым, по созданию филиалов ведущих зарубежных вузов в нашей стране.

Университет Лотарингии — один из наиболее престижных вузов Франции, объединяющий 49 учебных корпусов, расположенных в 13 городах.

🔗 Подробнее


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


*ҰБТ-2025 ТАПСЫРАТЫН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА!*

⏳ҰБТ ЖЫЛЫНА 5 РЕТ ӨТКІЗІЛЕДІ:

☝️қаңтар, наурыз, тамыз айларында – ақылы оқуға түсу үшін (3 рет);
☝️негізгі (мамырдан бастап шілдеге дейін) – грантқа түсу үшін 2 мүмкіндік.

🎓КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?

👍ағымдағы жылдың мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгіге;
👍өткен жылғы мектеп түлектері – наурыз, тамыз және негізгіге;
👍колледж түлектері – наурыз, тамыз және негізгіге;
👍қандастар – наурыз, тамыз және негізгіге;
👍шартты түрде оқып жатқандар – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгіге;
👍басқа мамандыққа ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері – қаңтар, тамыз айларында;
👍ақылы негізде «педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниетті студенттер – қаңтар, тамыз айларында тапсырады.

🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

*📝ПАМЯТКА АБИТУРИЕНТАМ, СДАЮЩИМ ЕНТ-2025!*

⏳ЕНТ ПРОВОДИТСЯ 5 РАЗ В ГОДУ:

☝️в январе, марте, августе – на платное обучение (3 раза);
☝️основное (с мая по июль) – на грант 2 попытки.

🎓КТО МОЖЕТ ПРИНЯТЬ УЧАСТИЕ?

👍выпускники школ текущего года – в январе, марте, августе и основном ЕНТ;
👍выпускники школ прошлых лет – в марте, августе и основном ЕНТ;
👍выпускники колледжей – в марте, августе и основном ЕНТ;
👍лица казахской национальности, не являющихся гражданами РК – в марте, августе и основном ЕНТ;
👍условно принятые в вуз – в январе, марте, августе и основном ЕНТ;
👍студенты творческих специальностей, желающие перевестись на другие специальности – в январе, августе;
👍студенты желающие перевестись на «Педагогические науки» на платной основе – в январе и августе.

✅ *Saginov Technical University* сіздің арманыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді! Біз сізге сенеміз!

🔊Біздің мекен жайымыз: Қарағанды қаласы,
Нурсултан Назарбаев даңғылы, 56/1
Маркетинг және кәсіптік бағдар беру бөлімі
Тел: 8(7212) 56-78-38., 8-700-395-65-09

https://chat.whatsapp.com/FrgNmuczlRpKCy32EpzRk3


Forward from: Talapker Saginov University
Сәлем достар! 💬
📌13 желтоқсан сағат 20.00-де біздің Saginov Technical University Маркетинг және кәсіптік бағдар беру бағытында жұмыс жасайтын ресми @talapker_saginov_university Instagram платформасында https://www.instagram.com/talapker_saginov_university?igsh=Y3l2MGE4ZWtnb2l4 Грант аналитик / Филолог-сарапшы, Педагог-профориентолог ТОЛҚЫН ИЗМАХАНмен тікелей эфир өтетінін хабарлаймыз.

🔊Барлық мектеп және колледж білім алушылары мен олардың ата-аналарын эфирде күтетін боламыз!🤗
……………….
Hi, gyus! 💬
📌С радостью сообщаем вам о том, что 13 декабря в 20.00 на официальной платформе Instagram https://www.instagram.com/talapker_saginov_university?igsh=Y3l2MGE4ZWtnb2l4 @talapker_saginov_university, которая работает в направлении Маркетинга и профориентационной работы в Saginov Technical University пройдет прямой эфир с Грант аналитиком / экспертом Филологом, Педагог-профориентологом ТОЛҚЫН ИЗМАХАН.

🔊Всех учащихся школ и колледжей и их родиьелей будем ждать в эфире! 🤗


Forward from: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚜ Талдықорғанда мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өтті

📚 І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, профориентолог Айдос Жұманазармен кездесу өтті. Жиынға Талдықорған қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен ата-аналары қатысты.

Аталмыш іс-шараны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Жетісу облысының әкімдігі, Жетісу университеті бірлесе өткізді.

🔗 Толығырақ

* * *

В Талдыкоргане прошла встреча по профориентации с учащимися школ

📚 В Жетысуском университете имени И. Жансугурова состоялась встреча с советником министра науки и высшего образования Русланом Емелбаевым, а также профориентологом Айдосом Жуманазаром. На мероприятии присутствовали ученики и их родители из общеобразовательных школ Талдыкоргана.

Данное мероприятие было организовано Министерством науки и высшего образования РК, акиматом области Жетісу, Жетысуским университетом.

🔗 Подробнее


Forward from: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Петропавлда «Серпін» республикалық жобалау кеңсесінің алғашқы көшпелі отырысы өтті

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында вице-премьер Тамара Дүйсенова М. Қозыбаев атындағы университетке барып, өңір әкімі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбеновтің, студенттердің, түлектердің және «Серпін» бағдарламасына қатысатын жұмыс берушілердің қатысуымен кеңес өткізді.

«Серпін» республикалық жобалау кеңсесінің жетекшісі Мұрат Әбенов бағдарлама жаңа серпіліс алып жатқанын айтып, «Серпін түлектері» қауымдастығын құру туралы бастаманы қолдады. Бұл ұйым абитуриенттер мен студенттерге қолдау көрсетеді.

Солтүстік өңірде аталған бағдарлама бойынша 1350 адам білім алып, оқуын жалғастыруда. Көптеген түлек осы өңірде жұмыс істеуді таңдаған. Отбасын құрып, облыстың дамуына үлес қосуда. Солардың бірі – Нұрсейт Әбдіразақов. Ол 2016 жылы Түркістан облысы Қазығұрт ауданынан келіп, университетке түскен, қазір өзі оқу орнында қызмет етіп жүр.

«Бағдарлама шынымен де тиімді. Мен болашағымды осы өңірмен және өз университетіммен байланыстырамын», — деді Нұрсейт Әбдіразақов.

Премьер-министрдің орынбасары жоғары оқу орындары мен колледждердің кәсіпорындармен ынтымақтастығын нығайтудың маңызын атап өтті. Ол жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес мамандар даярлау бағдарламаның табысты жүзеге асырылуының кепілі екеніне мән берді.

Өңірде 300-ден астам жұмыс берушімен меморандум жасалған. Биыл оқуын бітіретін 68 түлекке арналған жеке іс-шаралар ұйымдастырылды. Өңірдегі ірі компания өкілдері жас мамандарға сұраныстың жоғары екенін айтып, «Серпін» бағдарламасына белсене қатысуға дайын екенін білдірді.
Қазіргі уақытта кадр тапшылығы сезіліп отырған 8 өңір анықталды. Бағдарлама түлектерін осы өңірлерде жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылуда.

«Бағдарламаның әлеуметтік маңызы жоғары. Ол болашақ түлектерді тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді және нақты кәсіпорындардың сұранысына сай кадрлар даярлайды. Келесі жылы бағдарламаға колледждердің қатысуы жоспарланып отыр. Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін барлық мүдделі министрліктер, облыс әкімдіктері мен жұмыс берушілер тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Бұл процесте аймақтық жобалық кеңселердің рөлі маңызды»,
— деді Тамара Дүйсенова.


Вице-премьер М. Козыбаев атындағы университеттің зертханаларымен танысып, оның ішінде «Серпін» бағдарламасы арқылы оқуға түскен студенттердің ғылыми зерттеулерін көрді. Мұндай заманауи зертханалар халықаралық сарапшылармен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Мысалы, Қытайдың Солтүстік-батыс ауылшаруашылық университетінің ғалымдары Козыбаев университетінің студенттерімен бірлесе ауыл шаруашылығы және су ресурстары саласындағы жобалар бойынша жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, Манаш Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті АҚШ-тың Аризона университетімен серіктес. Ынтымақтастық бағдарламасы қос диплом алу, ғалымдар арасында ғылыми алмасу, оқытушылар үшін бірлескен тағылымдамалар, сондай-ақ академиялық стратегия мен корпоративтік басқаруды жетілдіруге арналған ұсыныстарды қамтиды.


Forward from: Qazaqparat
🎤🎤🎤🎤

🎓Заң жобасы: Дарынды жастарға «Болашақ» арқылы бакалавр деңгейінде білім алуға рұқсат беріледі

Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовпен аталған құжаттың жаңашылдықтары туралы сұхбаттасқан едік.

«Халықаралық олимпиадаларда ғана емес, ғылым сайыстарында да жеңімпаз атанған дарынды жастарға дәл осындай қолдау көрсетуді ұсынып отырмыз. Мысалы, робот техникасы саласында үш мәрте әлемді мойындатқан жастар бар. Соларға пән олимпиадаларының жеңімпаздарына көрсетілгендей лайықты қолдау жасауға қазіргі заң мүмкіндік бермейді. Осы қайшылықты жоюды ұсынып отырмыз. Яғни халықаралық, әлем мойындаған ғылым сайыстарының жеңімпаздары да халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпазы сияқты мемлекеттен қолдау алуы мүмкін болмақ», — дейді Асхат Аймағамбетов.


💻 Сұхбаттың толық нұсқасы мына сілтемеде.

ℹ️ @qazaqparat_kz

20 last posts shown.