САҢЛАҚ САХАБАЛАР


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Din


Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Din
Statistika
Postlar filtri


✨✨✨

📌АЛЛА ЕЛШІСІНЕ (ОҒАН АЛЛАНЫҢ САЛАУАТЫ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР

5️⃣-САЛАУАТ АЙТУ

Құранда Алла Тағала Пайғамбарына (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуымызды бұйырып былай дейді: «Расында Алла, Пайғамбарға рақмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Уа, иман еткендер! Оған салауат пен сәлем жолдаңдар» (55).

«Салауат» дұға мағынасында қолданылады. Ғалымдар Алла Тағаланың салауаты - Оның рақметі мен разылығы, періштелердің салауаты - дұға мен кешірім тілеу, ал үмбетінің салауаты - дұға (56) екенін айтқан. Жоғарыдағы аятта Алла Тағала барлық пайғамбарларға емес, тек Мұхаммед пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуды бұйыруы - оған деген ерекше шарапаты болып табылады.

Бұл аяттан Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) берілген ерекше дәрежені көруге болады. Періштелер Адам пайғамбарға да (оған Алланың сәлемі болсын) сәжде еткен. Ол жайлы Құранда: «Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды» (57).

Аятта періштелердің Адам пайғамбарға (оған Алланың сәлемі болсын) сәжде еткендігі жайлы: «Олар дереу сәжде қылды», - деп өткен шақта айтылған. Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатысты айтылғанда: «Және періштелер салауат айтады», - делініп, олардың салауаты (мудариғун) осы шақта келіп тұр. Бұл Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген періштелердің салауаты қияметке дейін жалғасып айтыла беретіндігін білдіреді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзіне салауат айтудың артықшылығы жайлы: «Кім маған бір рет салауат айтса, Алла оған он рет салауат айтады» (58), - деп айтқан.

Ғалымдар арасында әрбір мұсылманның өмірінде Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір мәрте салауат айтуы парыз екендігінде ешқандай қарама-қайшылық жоқ. Ал басқа барлық уақытта «сүннет муаккада», яғни бекітілген сүннет амалына жатады. Оны тастауға әрі оған немқұрайлы қарауға болмайды (59).

Осы айтылғандарға орай Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) есімін айтқанда не естігенде ғана емес, ол кісінің есімін жазған уақытта да салауат сөздерін жазу қажет болады.

❗(55) «Ахзаб» сүресі, 56-аят;
❗(56) «Тафсиру-л-Қуртуби» 17-том, 214-бет;
❗(57) «Бақара» сүресі, 34-аят;
❗(58) Муслим (384), Әбу Дәуід (523), Насаи 2/25,26), Тирмизи (3614);
❗(59) «Кашшаф» (3/272,273);


©Думан Сайфулла

📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"


https://t.me/adep_daris


✨✨✨

📌АЛЛА ЕЛШІСІНЕ (ОҒАН АЛЛАНЫҢ САЛАУАТЫ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР

4️⃣-АЛЛА ЕЛШІСІН (ОҒАН АЛЛАНЫҢ САЛАУАТЫ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ҮЛГІ ТҰТУ

Өзін мұсылман санайтын әрбір жан өзінің өмірінде, мінез-құлқында, Құдайға қылатын құлшылығы мен дүние тіршілігінде Алла елшісін (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлгі тұтуы қажет. Алла Тағала Құранда: «Расында сендер үшін, Алланы да ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар» (53), - деген.

Адамдарға кемел үлгі болуы үшін Алла Тағала Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) олардың арасынан шығарған. Егер пайғамбар періштеден болса, адамдарға толық үлгі болмас еді. Өйткені періштелерде ішіп-жеу, ұйықтау, үйлену сынды сипаттар жоқ. Осы себепті де Құранда: «Ол (Алла) сауатсыздардың ішіне оларға (Алланың) аяттарын оқып, оларды тазартатын, сондай-ақ оларға Кітап пен даналықты үйрететін өздерінен (шыққан) бір Пайғамбар жіберді. Негізінде олар бұрын ашық адасуда еді» (54), - делініп, Пайғамбардың адамдардың өз ішінен жіберілгендігі айтылады.

Шынында, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір жолына назар салсақ, Оның (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) басшылықта, отбасылық өмірде, бала тәрбиесінде, адамдармен көркем қарым-қатынас жасауда т.б. барлық істерде біз үшін мінсіз үлгі болғандығын байқаймыз.

Сондықтан да мұсылман адам әр ісінде Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлгі тұтып, қандай да бір басына іс түскенде, ашу қысқанда, адамдармен қарым-қатынаста, шешім қабылдарда өзіне «менің орнымда Алланың елшісі болса, не істер еді?» деген сұрақты қоятын болса, дұрыс жолын табатыны сөзсіз.

(53) «Ахзаб» сүресі, 21-аят;
❗(54) «Жұма» сүресі, 2-аят;


©Думан Сайфулла

📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"


https://t.me/adep_daris


✨✨✨

📌АЛЛА ЕЛШІСІНЕ (ОҒАН АЛЛАНЫҢ САЛАУАТЫ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР

3️⃣-АЛЛА ЕЛШІСІН (ОҒАН АЛЛАНЫҢ САЛАУАТЫ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ЖАҚСЫ КӨРУ

Мұсылманның махаббаты, ең біріншіден, оны жоқтан бар еткен Алла Тағалаға, одан кейін адамзатқа Жаратушысын танытқан Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арналуы тиіс. Алла Тағала Құранда: «Пайғамбар мүміндерге өздерінен артық» (49), - деген.

Алла елшісін (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы көру - иманның кемелдігінің көрінісі. Хадисте: «Кім де кім мені әкесінен, баласынан және бүкіл адамдардан артық жақсы көрмейінше, кәміл иман еткен болып саналмайды» (50), - деп айтылған. Сахабалар Алла елшісін (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осылайша жақсы көре білді.

Бір күні Сәубан (Алла оған разы болсын) атты сахаба жылап отырады. Сонда Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) не үшін жылап отырғандығын сұрайды. Сәубан (Алла оған разы болсын) «Уа, Алланың елшісі! Ертең бізге өлім келсе, арамыз ажырап қалатындығын ойлап жыладым», - деген екен. Осы кезде Құранның: «Ал және кім Аллаға, Пайғамбарға бойұсынса, міне солар Алла Тағала нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар және шейіттермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас» (51), - делінген аяты түсіріледі. Демек, Пайғамбарды жақсы көрген адам қияметте ол кісімен бірге болу нығметіне ие болады. Тағы бір хадисте былай делінеді: «Бірде бір бәдәуи Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қиямет күні қашан болады?», - деп сұрақ қояды. Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) одан: «Сен ол күнге не дайындадың?» - деп сұрайды. Бәдәуи: «Алла мен Оның елшісіне деген махаббатты», - деп жауап қатады. Сонда Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сен жақсы көргендеріңмен бірге боласың!» - дейді (52).

❗(49) «Ахзаб» сүресі, 6-аят;
❗(50) Бұхари (15);
❗(51) «Ниса» сүресі, 69-аят;
❗(52) Бұхари (6167), Муслим (2639);


©Думан Сайфулла

📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"


https://t.me/adep_daris


✨✨✨

📌АЛЛА ЕЛШІСІНЕ (ОҒАН АЛЛАНЫҢ САЛАУАТЫ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР

2️⃣-БҰЙЫРҒАНДАРЫН ОРЫНДАУ

Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бағынуға қатысты Алла Тағала «Нұр» сүресінде: «Аллаға, Пайғамбарына бағын де. Егер бағынудан бет бұрсаңдар, шын мәнінде Пайғамбар, өзіне жүктелгенге, сендер, өздеріңе жүктелгенге міндеттісіңдер. Ал егер Пайғамбарға бойұсынсаңдар, тура жол табасыңдар. Сондай-ақ Пайғамбарға ашық түрде жалғастыру ғана міндет» (45), - деген.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Менің үмбетімнің бас тартқандарынан өзгесінің барлығы жәннатқа кіреді», - дейді. Сахабалар: «Уа, Алланың елшісі, сонда кім бас тартады», - деп сұрайды. Сонда Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім маған бойұсынса, ол жәннатқа кіреді, кімде-кім маған қарсы шықса, онда ол бас тартқаны», - дейді (46).

Бұрынғы үмбеттерге келген апат өздеріне жіберілген пайғамбарларға бойұсынбауларынан болған. «Бақара» сүресіндегі Мұса пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) өз қауымына бір сиырды құрбандыққа шалуды бұйырғанда, оны шалғысы келмегендіктен қауымының «ол қандай сиыр?», «оның түсі қандай болу керек?», «бізге тағы оның сипаттарын білдірсін», - деп сұрақ қоюлары пайғамбарларына деген бойұсынбаушылықтың көрінісі.

Ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бағыну Алла Тағалаға бағыну болғандықтан, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына оның бұйрықтарына бағынуды, «тыйыл» дегенінен тыйылулары қажет екендігін әрдайым үйретіп отырған. Сондай хадистердің бірінде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мен қозғамаған мәселені менен сұрамаңдар. Расында, сендерге дейінгі өмір сүргендер пайғамбарларына көптеген сұрақтар қоюы мен онымен келіспеушіліктері себепті опат болған. Сондықтан менің тыйым салған нәрселерден аулақ болыңдар да, бұйырғанымды шамаларың жеткенше орындаңдар» (47), - деген.

Бұл хадистің айтылу себебі жайында Әбу Һурайра былай дейді: Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір күні уағыз айтып тұрып: «Сендерге қажылық парыз етілді, ендеше қажылық жасаңдар»,- деген еді. Сонда бір адам: «Уа, Алланың елшісі! Қажылықты жыл сайын атқаруымыз қажет пе?», - деп сұрайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үндемейді. Әлгі кісі сұрағын үш мәрте қайталап сұрайды. Сонда Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер мен «иә» дейтін болсам, (сендерге жыл сайын қажылық жасау) міндетті болып, оған шамаларың келмейтін еді», - деді. Осыдан кейін: «Мен қозғамаған мәселені менен сұрамаңдар. Расында, сендерге дейінгі өмір сүргендер пайғамбарларына көптеген сұрақтар қоюы мен онымен келіспеушіліктері себепті опат болған. Сондықтан менің тыйым салған нәрселерден аулақ болыңдар да, бұйырғанымды шамаларың жеткенше орындаңдар» (48), - деген.

Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы сөзінен кейін сахабалар артық сұрақпен мазаламайтын болған. Әнас ибн Мәлик (Алла оған разы болсын) өз сөзінде: «Алла елшісіне өзге жақтан біреулер келіп қалса, солардың сұрақ қойғандығын тосып, жауабын естіп қалуға тырысатын едік», - дейді.

(45) «Нұр» сүресі, 54-аят;
❗(46) Бұхари (7280);
❗(47) Бұхари (7288), Муслим (1337), Тирмизи (2679), Насаи (5/110), Ахмад (2/247), Дарақутни (2/281), Ибн Хиббан (8/21);
❗(48)Бұхари (7288), Муслим (1337), Тирмизи (2679), Насаи (5/110), Ахмад (2/247), Дарақутни (2/281), Ибн Хиббан (8/21);


©Думан Сайфулла

📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"


https://t.me/adep_daris


✨✨✨

📌АЛЛА ЕЛШІСІНЕ (ОҒАН АЛЛАНЫҢ САЛАУАТЫ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР

1️⃣-АЛЛА ЕЛШІСІ (ОҒАН АЛЛАНЫҢ САЛАУАТЫ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ӘКЕЛГЕН ХАБАРЛАРҒА СЕНУ

Мұсылман адам Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әкелген барлық хабарларға еш күмән келтірместен сенуі қажет. Өйткені, Алла Тағала Құранда: «Шүбәсіз бұл сендердің сөйлегендерің сияқты рас» (42),- деген.

Адам өз сөйлегеніне күмән келтірмейді, сол сияқты Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқандарына да еш күмән келтірмеуі керек. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Раббысының оның көкейіне салғанын ғана жеткізуші. Құранда бұл туралы: «Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана» (43), - делінген.

Исра және Миғраж оқиғасын Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрайыштықтарға айтқанда, оған сенгендері де, күмәнданғандары да болды. Кейбіреулері жоққа шығарып жатты. Алайда, Әбу Бәкірге бұл оқиға баяндалған кезде, ол күмәнсіз сеніммен: «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шын айтты», - дейді. Хакимның «Мустадрак» атты еңбегінде бұл оқиға былай деп баяндалады: «Адамдар бұны айтуға Әбу Бәкірге асығып: «Досың жайында естідің бе? Ол бір түнде Байту әл-мақдиске бардым деп көкуде», - дейді. Сонда Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын): «Ол осыны өз аузымен айтты ма?» - дейді. Олар: «Иә», - дейді. Сонда ол (Алла оған разы болсын): «Егер ол бұны өз аузымен айтқан болса, онда оның сөзі рас», - дейді. Адамдар таңданған түрде: «Сен оның бір түнде Байту әл-мақдиске барып, таң атпай тұрып оралғандығын рас демекпісің?» - деп сұрайды. Сонда ол: «Оның несіне таңғаласыңдар? Алланың атымен ант етейін, мен одан да зорын рас деп мойындаймын. Мен оның көктен алып келген хабарларын шындық деп білемін», - дейді. Осы себепті де ол - «Әбу Бәкір әс-Сыддық», яғни «Шыншыл Әбу Бәкір» атанды» (44).

❗(42) «Зарият» сүресі, 23-аят;
❗(43) «Нәжім» сүресі, 3-4-аяттар;
❗(44) «Мустадрак ғала сахихайн» (4344);


©Думан Сайфулла

📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"


https://t.me/adep_daris


Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көзі тірі кезінде оған деген құрмет қандай болса, дүниеден өткеннен кейін де оған деген құрмет жоғалмайды. Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қабірінің басына барғанда да дауыс көтеріп, қатты сөйлеуге болмайды. Омар ибн әл-Хаттаб (Алла оған разы болсын) бір күні Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешітінде Таифтан келген екі адамның дауыс көтеріп сөйлегендерін естіп: «Егер сендер екеуің Таифтен болмағандарыңда соққымнан зардап шегер едіңдер», - деген екен. (41)

Сол секілді ғалымдарымыз білім мәжілістерінде Құран, хадис үйретіп жатқан ұстаздың дауысынан дауысты көтеріп сөйлеуге болмайтындығын ескерткен. Бұның ар жағында Құран мен хадиске деген әдеп пен құрмет тұр.

(38) «Хужурат» сүресі, 1-3-аяттар;
❗(39) «Хужурат» сүресі, 1-3-аяттар;
❗(40) Ибн Әби-д-Дуния (макариму-л-ахлақ) 1-том, 21 бет.
❗(41) Бұхари (470);


©Думан Сайфулла

📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"


https://t.me/adep_daris


✨✨✨

📌АЛЛА ЕЛШІСІНЕ (ОҒАН АЛЛАНЫҢ САЛАУАТЫ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР

Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) - Алла Тағаланың сүйікті құлы, адамзаттың ардақ тұтар ұстазы, пайғамбарлардың ең соңғы мөрі. Бүкіл пайғамбарларды үйге теңейтін болсақ, үй салынғанда оның негізі қойылып, кабырға тұрғызылып барып, соңынан үйдің ең биігінде орналасқан шатыры жасалады. Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең соңғы пайғамбар болғанымен дәреже тұрғысынан барлығынан биік.

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көзі тірісінде-ақ Алла Тағала Құран аяттары арқылы сахабаларға ол кісіге (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатысты әдептерді үйретіп отырған. Мысалға «Хужурат» сүресінің алғашқы аятында Алла Тағала: «Уа, иман еткендер! Алладан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер. Әрі Алладан қорқыңдар. Шүбәсіз Алла, аса естуші, толық білуші» (38), - деп бұйырған. Ибн Аббас аталмыш аяттағы: «Алладан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер», - дегенді Алланың кітабы мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінің алдына шығып кетпеңдер, Алланың кітабы мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне қайшы келмеңдер деп түсіндірген.

Имам Қуртуби: «Ендеше кімде-кім сөзде, істе Алла елшісінен ілгері кетсе, онда ол Алла Тағаладан ілгері кеткен болады. Себебі, Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың әмір еткенін ғана сөйлейді», - дейді.

Демек, мұсылман адам Алла Тағаланың кәләмі Құран, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисі айтылып жатқан уақытта оған қайшы келетін ой айтудан сақтанып, тоқтай білуі қажет. Хакім Абай:
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз
, - дейтіні осыдан.

Абай атамыз бұл өлеңінде: «Аят, хадис емес қой, Күпір болдың демес қой», деу арқылы кез келген адамның сөзін ақыл таразысына салуға рұқсат екендігін айта келе, аят пен хадиске қарсы келудің күпірлікке апарытынын ескертеді. Өйткені пенденің сөзіне қайшы келу күпірлікке түсірмейді. Ал, аят пен хадиске қайшы келу күпірлікке алып келеді.

«Хужурат» сүресінің келесі аятында Алла Тағала: «Уа, иман еткендер! Дауыстарыңды Пайғамбардың дауысының үстіне көтермеңдер. Өзара бір-біріңе дауыстағандай Пайғамбармен дабырлап сөйлеспеңдер. Амалдарың жойылып, оны сезбей де қаласыңдар. Шынында Пайғамбардың жанында дауыстарын бәсеңдеткендер, міне солар, Алла жүректерін тақуалық үшін сынағандар. Оларға жарылқау әрі зор сыйлық бар» (39), - деген.

Осы аят нәзіл болғанда дауысы жаратылысынан қатты шығатын Сәбит ибн Қайс (Алла оған разы болсын) атты сахаба оны өзі жайлы түсті екен деп ойлап, ел көзіне көрінбей, үйінде күні-түні жылаудан бас көтермей жатып алады. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ол сахабасын бірнеше күн көрмегендіктен, қайда екенін сұрастырады. Сахабалар ол кісінің жағдайын айтқанда, бірден Сәбитті шақыруға бұйырады. Сәбит келгенде Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сені не нәрсе жылатты?» - деп сұрайды. Ол: «Мен дауысым қатты болғандықтан: «Амалдарың жойылып, оны сезбей де қаласыңдар», деген аят маған қатысты түсті ме деп қорқамын», - деп жауап қатады. Сонда Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған: «Сен мақтауға лайықты өмір сүріп, шаһидтік өліммен қаза болып, әрі сені жәннатқа кіргізсе, риза боласың ба?» - дейді. (40) Осылайша ол Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген құрметтің себебінен көзі тірісінде жәннатпен сүйіншіленеді.

Хазреті Омар да (Алла оған разы болсын) осы аяттар түскеннен кейін Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жанында өзге біреуге сырын айтып тұрған адамдай, дауысын өте бәсең қылып сөйлейтін болған екен. Тіпті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оның сөзін естімей қалып: «Омар, қаттырақ сөйле», - дейтін болыпты.

Жалғасы ⤵️⤵️⤵️


✨✨✨

📌АЛЛА ТАҒАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР

9️⃣-ТӘУБЕ ҚЫЛУ

«Тәубе» сөзі - күнәдан Алла Тағалаға бойсұнуға оралу, - деген мағынаны білдіреді. Құранда Алла: «Уа, иман еткендер! Алла Тағалаға шынайы тәубемен тәубе етіңдер» (36), - дейді.

Ғалымдарымыз жасалған күнәдан өзге адамдар зардап шекпеген жағдайда тәубенің мынадай үш шарты бар екендігін айтқан:
1. Күнә жасаудан бас тарту;
2. Күнәсі үшін өкіну;
3. Ондай күнәні бұдан кейін жасамауға бекіну.


Егер тәубе қылуда бұл шарттардың бірі орындалмаса, тәубе дұрыс болмайды. Жасалған күнәдан өзге бір адам зардап шеккен жағдайда, зиян беруші адам зардап шегушінің алдында айыбын жуып, ол адамның кешірімін алуы қажет. Бұған ұрланған не алдап алынған мал болса, оны қайтару, ғайбаттаған болса, кешірім сұрау сынды амалдарды жатқызуға болады.

(36) «Нұр» сүресі, 8-аят;

©Думан Сайфулла

📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"


https://t.me/adep_daris


✨✨✨

📌АЛЛА ТАҒАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР

8️⃣-ШҮКІРШІЛІК ЕТУ

Шүкіршілік ету - Алла Тағалаға қатысты мұсылман әдебінің басты белгілерінің бірі. Адамның жақсылығына алғыс айта білуі кісінің әдебін көрсететіні секілді, Алланың игіліктеріне де шүкір ете білу құлдың Раббысына қатысты әдептерінен болып табылады. Алланың Адам баласына берген нығметтерінің есебіне жету мүмкін емес. Құранда: «Алланың нығметін санасаңдар, оның есебіне жете алмайсыңдар» (29),- делінген. Міне, сол үшін адам баласы өзін жаратып, жоқтан бар еткен әрі сансыз нығметтермен несібелеп, ризықтандырған Раббысына шүкір етуін тоқтатпауы қажет. Құранның тағы бір аятында Алла Тағала: «Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын. Әрі шүкір етіңдер және күпірлік етпеңдер» (30), - деген. Алланың берген игіліктеріне шүкір еткен пенденің ризығы артып, несібесі кеңейеді. Ғалымдар шүкірді «игіліктерді байлаушы» деп атаған. Адам қолындағы жақсылықтың кетіп қалмауын қаласа, оны шүкір етуімен байлап қоя алады. Тіпті, пенде Алла тарапынан берілген игіліктерге шүкір етсе, ол нығметтер одан сайын арта түседі. Құранда ол жайлы: «Сол уақытта Раббыларың: «Егер шүкір етсеңдер, сендерге оны міндетті түрде арттыра беремін. Ал, егер күпірлік етсеңдер, шын мәнінде азабым өте қатты», - деп жариялады» (31), - дейді.

Шүкіршілік тіл, жүрек және денемен жүзеге асады. Алла Тағалаға шынайы шүкіршілік: адамның Раббысына мақтау сөздер айтуы мен жақсылықтарын мойындауы арқылы - тілінен, куәлік етуі мен махаббаты арқылы - жүрегінен, Оның бұйырғандары мен тыйымдарына бағынуы мен бойұсынуы арқылы - денесінен көрініс табуы керек. Айша анамыз былай дейді: «Әдетте Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түнгі намазды ұзақ оқығандығы соншалық, тобықтары жарылып кететін. Бірде мен: «Уа, Алланың елшісі! Неге бұлай істейсіз? Сіздің өткен әрі алдыңғы күнәларыңыздың барлығын Алла кешірді емес пе?» - дедім. Сонда ол кісі маған: «Мен Аллаға шүкір етуші құлдардан болмаймын ба?» деп жауап берді» (32), - деген.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Раббысына шүкірін өтеу үшін аяқтары іскенше намаз оқитын. Бұл - бізге үлгі болып қалдырылған шынайы шүкіршіліктің кемел көрінісі. Яғни, біз де сансыз нығмет берген Раббымызға, Оның бұйрықтарын орындап, тыйғандарынан тыйылу арқылы шынайы шүкір ете аламыз. Құранда Алла Тағала: «Уа, Дәуіттің үй-іші! Шүкір етіңдер! Құлдарымнан шүкір етушілері аз» (33), - деген. Бұл аятта «шүкір деңдер» емес, «шүкір етіңдер» делініп, шүкірді сөзбен емес, іспен көрсету керектігі баяндалған. «Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз қол емес», - деген Абай сөзінің даналығы да осыны айшықтайды. Нағыз шүкіршілік сөзбен ғана жүзеге аспайды. Аяттың жалғасында: «Құлдарымнан шүкір етушілер аз» (34), - делінген. Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі «Әш-Шакур». Ұлы Жаратушымыз құлдарының аз ғана жасаған амалдарына шүкір етіп, ол амалға он еседен жеті жүзге дейін, тіпті ниеттеріне қарай одан да артық сауап береді. Адамдарға қатысты шүкіршілік «әш-шакиру» және де «әш-шакуру» деген екі атаумен айтылады. «Әш-шакиру» сөзінің мағынасы - «шүкір етуші» болса, «әш-шакуру» сөзін ғалымдарымыз: «Жаратушысына шынайы түрде бойсұнып әрі Оның бекіткен ғибадаттарын атқару арқылы шүкір етуге атсалысқан адамды айтамыз», - деп түсіндірген (35). Әл-Мунауи бұл екі сөздің айырмашылығын: « «Әш-шакиру» - басына жақсылық келгенде ғана шүкір етуші, ал «әш-шакуру» - басына қиыншылық келгенде де шүкір етуші адам», - деп түсіндірген.

❗(29) «Нахыл» сүресі, 18-аят;
❗(30) «Бақара» сүресі, 152-аят;
❗(31) «Ибраhим» сүресі, 7-аят;
❗(32) Бұхари (4837), Муслим (2820);
❗(33) «Сәба» сүресі, 13-аят;
❗(34) «Сәба» сүресі, 13-аят;
❗(35) «Шарху аш-шафиату-л-кафия» (125,126);

©Думан Сайфулла

📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"


https://t.me/adep_daris


✨✨✨

📌АЛЛА ТАҒАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР

7️⃣-ТАҒДЫРҒА РАЗЫ БОЛУ


Мұсылман адам әрдайым Алланың тағдырына ризалық танытады, тағдырды сөкпейді. Тағдырға ризалық - шынайы иманның көрінісі. Құранда былай делінеді: «Әрине сендерді қауіп-қатермен, аштықпен және малдардан, жандардан, сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз. Сабыр етушілерді сүйіншіле, олар бір қайғы жеткенде: «Шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әрі Оған қайтушымыз», - дейді» (28).

Яғни, басына іс түскенде: «Я,Құдай, саған не жазып едім», деп кейіс білдіру - мұсылманға тән іс емес. Сынақ - адамды жою үшін емес, керісінше оны тазарту үшін келеді. «Сабыр түбі - сары алтын» демекші, адамның басына қандай да бір сынақ келгенде, тағдырына налымай, оған сабыр ете білсе, ол сынақтың арты оған жақсылық болып оралады. «Шарх» сүресінде Алла Тағала: «Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар», - деген.

❗(28) «Бақара» сүресі, 155-156-аяттар;

©Думан Сайфулла

📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"

https://t.me/adep_daris


✨✨✨

📌АЛЛА ТАҒАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР

6️⃣-ТӘУЕКЕЛ ЕТУ


Ризық пен барлық амалға жалғыз Алла Тағаланың қамқоршы екендігіне сенім білдіруді «тәуекел ету» дейміз. Құранда: «Аллаға тәуекел ет. Алла Тағала толық кепіл» (25), - деп, Алла Тағала құлдарына тек Өзіне ғана тәуекел етуді бұйырған.

Шынайы тәуекел - істің себебін жасап, оның нәтижесін Аллаға тапсырумен орындалады. Қазақта «әрекетке - берекет» деген сөз бар. Ол сөздің де мағынасы «әрекет - адамнан, берекет - Алладан» дегенді білдіреді. Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі келіп: «Түйемді тұсап қойып тәуекел етейін бе, әлде бос жіберіп Аллаға тәуекел еткенім дұрыс па?» деп сұрағанда: «Алдымен тұсап байла, кейін тәуекел ет» (26), - деген. Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тәуекелдің мән-мағынасын: «Егер сендер Аллаға шынайы тәуекел етсеңдер, онда Ол сендерді, таңертең аш кетіп, кешке қарындары тойып қайтатын құстарды қалай ризықтандырса, тура солай ризықтандырар еді» (27), - деп түсіндірген. Бұл хадистегі мысалға назар аударсақ, құс тәуекел етумен қатар себебін жасап, ризық іздеп ұясынан ұшып шығады. Осы қылған харекеті үшін оған береке беріліп, кешке тоқ болып қайтады.

❗(25) «Ниса» сүресі, 81-аят;
❗(26) «Сахих әл-жамиғ» (1068);
❗(27) Тирмизи (2344), Хаким (4/254);

©Думан Сайфулла

📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"

https://t.me/adep_daris


✨✨✨

📌АЛЛА ТАҒАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР

5️⃣-АЛЛА ТАҒАЛАНЫ ЖАҚСЫ КӨРУ


Алла Тағала адам баласының жаратушысы әрі оған берілген
барлық нығметтің Иесі болғандықтан, Аллаға адамның шынайы махаббат қоюы әділетті болмақ. Абай атамыз: «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті», - деп бекер айтпаса керек-ті. Құранда Алла Тағала мүміндерді: «Ал, мүміндер Алланы бәрінен қатты жақсы көреді» (23), - деп сипаттайды. Алланы жақсы көру иманның шынайы дәмін татуға алып келетін амалдардың бірі. Әнас (Алла оған разы болсын) Алла елшісінің (оған Алланын салауаты мен сәлемі болсын): «Үш сипат бойынан табылған адам иманның дәмін сезінеді: Алла мен Оның елшісін барлық нәрседен артық жақсы көрген, бір адамды жақсы көрсе, тек Алла разылығы үшін жақсы көрген әрі отқа түсуді қаламағанындай, күнәға қайтуды да қаламаған адам» (24), - дегенін жеткізген.

❗(23) - «Бақара» сүресі, 165-аят;
❗(24) - Бұхари (16,21), Муслим (44);

©Думан Сайфулла

📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"

https://t.me/adep_daris


✨✨✨

📌АЛЛА ТАҒАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР

4️⃣-АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ ӘРДАЙЫМ КӨРІП, БАҚЫЛАП ТҰРҒАНДЫҒЫН БІЛУ


Алла Тағала - бүкіл жаратылысты бақылаушы әрі олардың істерін толық білуші. Құранда: «Ақиқатында, Алладан жердегі және аспандағы бірде-бір нәрсе жасырын қала алмайды» (21), - деген. Дінімізде Алла Тағаланың жақын екендігін жүрекпен сезінуді «мурақаба» деп атайды. Алланың әрдайым бақылап тұрғанын шынайы сезінген адам күнә атаулыдан өзін аулақ ұстауға тырысады. «Тариху димашқ» атты еңбекте мынадай қызықты оқиға баяндалады: «Хазреті Омар (Алла оған разы болсын) кешкі уақытта ел ішін аралап жүріп, сүтке су қосып сатпақ болған анасы мен қызының арасындағы әңгімені құлағы шалып қалады. Анасы қызына: «Сүтке су қос», - десе, қызы: «Омар халифамыз «сүтке су қосушы болмаңдар», деп ескерткен», деген уәж айтады. Анасы: «Қазір бізді халифа көріп тұрған жоқ қой», - дейді. Осы кезде қызы анасына: «Анашым, бізді халифа көрмесе де, Алла Тағала көріп тұр емес пе?!», деп жауап береді. Қыздың тақуалығына дән риза болған
Омар, келесі күні құда түсіп, әлгі қызды өзінің ұлы Асымға алып
береді. Осы некеден Ләйла атты қыз бала дүниеге келіп, Ләйладан «бесінші әділетті халифа» деген лақап атпен танымал болған Омар ибн Абдулазиз туады» (22).

❗(21) «Әли Имран» сүресі, 5-аят;
❗(22)«Тариху Димашқ» (70/252);

©Думан Сайфулла

📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"

https://t.me/adep_daris


Мадиярдың түртіп алғандары... dan repost
✍️

📌 ШАПАҒАТҚА СЕБЕП БОЛАТЫН САЛАУАТ

اللَّهُمَّ صَلَّ عَلَى مُحَمَّدٍ ، وَأَنْزِلْهُ المَنْزِلَ المُقَرَّبَ مِنْكَ يَوْمَ القِيَامَةِ.

Аллаһумма солли 'әлә Мухәммәдин, уә әнзилһул мәнзиләл муқаррабә минкә йәумәл қиямати.

"Уа, Аллаһым, хазіреті Мұхаммедке салауат ете гөр және Қиямет күні Өзіңе жақын дәрежеге (мәртебеге) көтере гөр!
"

Руайфағ ибн Сәбит әл-Ансариден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді: «Кімде-кім: «Уа, Аллаһым, Мұхаммедке салауат ете гөр және Қиямет күні Өзіңе жақын дәрежеге көтере гөр» деп айтатын болса, менің оған шапағат етуім міндет болады». Ибн Кәсир бұл хадистің тізбегі жақсы екенін айтады. Басқа риуаятта: «Өзіңнің құзырыңнан жақын орын бер», - делінеді.

[«Афдалу салауат ғала сайиди садат», 110 бет]

©Ұстаз Бағлан Шежімбай

📗"Сырға толы салауат"
(Дәләилу Хайрат)


https://t.me/turtip_algandarym


✨✨✨

📌АЛЛА ТАҒАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР

3️⃣-ЫҚЫЛАС ТАНЫТУ


Имам Ғазали: «Ықылас дегеніміз - амалдарыңның барлығы тек Алланың разылығына арналуы, жүрегіңнің адамдардың мақтауына назар аудармауы әрі олардың сөгісінен қорықпауы», деп түсіндірген. Алла Тағала тек Өзінің разылығы үшін жасалған амалды ғана қабыл етеді. Құранда: «Дінді ықыласпен, тек бір Аллаға ғана арнап, құлшылық қыл! Шынайы дін Аллаға тән» (19), - делінеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында Алла Тағала шынайы ықыласпен, тек қана Оның разылығын қалап жасалған амалдан басқасын қабыл етпейді» (20), - деген.

❗(19) «Зүмар» сүресі, 2-3-аяттар;
❗(20) Насаи (3140);

©Думан Сайфулла

📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"

https://t.me/adep_daris


✨✨✨

📌АЛЛА ТАҒАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР

2️⃣-АЛЛА ТАҒАЛАНЫ ЖАЛҒЫЗ ДЕП БІЛУ


Ислам дінінің негізгі ерекшелігі - жаратушы Алла Тағаланы жалғыз деп тануында. Халқымыз «Жалғыздық Аллаға ғана жарасқан» деп өте тура айтқан. Бұқар жырау бабамыз да өзінің «Он бір тілек» толғауындағы ең бірінші тілегін: «Бірінші тілек тілеңіз, бір Аллаға жазбасқа», - деуінде де осы мағына жатыр. Құранның «Ықылас» сүресінің алғашқы аятында: «Ол Алла жалғыз де», - делінеді.

Алла Тағаланың жалғыздығы жайлы айтылғанда оның серігі жоқтығын әрі Оның ешбір сипаты жаратылғандардың сипатына
ұқсамайтындығын түсінеміз. Қасиетті Құранда: «Егер жер-көкте Алладан басқа да тәңірлер болса еді, әлбетте екеуі де бұзылып кетер еді. Ғаршының Раббы Алла, олардың жасанды сипаттарынан пәк» (17), - делінген.

Алла Тағала бүкіл әлемді шеберлікпен жаратып, барлығы Оған бой ұсынуда. Жаратылыстарының арасында асқан тәртіп пен өзара үйлесімділік бар. Егер жаратушылар көп болғанда, әлбетте олардың қалаулары бір-біріне қарсы келіп, әлем бұндай үйлесімді жүйе мен өзара байланысын жоғалтар еді. Құран аятында бұл жайлы: «Алла еш бала иемденбеді. Онымен бірге тәңір де жоқ. Ондай болғанда, әрине әр тәңір өз жаратқанын алып кетер еді де бір-біріне үстемдік қылар еді. Алла олардың сипаттағанынан пәк» (18), - деп баяндалған.

❗(17) «Әнбия» сүресі, 22-аят;
❗(18) «Муминун» сүресі, 91-аят;

©Думан Сайфулла

📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"

https://t.me/adep_daris


✨✨✨

📌АЛЛА ТАҒАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР

1️⃣-ИМАН КЕЛТІРУ


Иман етудің мән-мағынасын тереңінен түсінген халқымыз иманды үлкен байлық санаған. «Иманы кеткеннің жиғаны кетеді» деу арқылы имансыздықты бүкіл берекенің жоғалуына теңеген. Жалпы, иман сөзінің тілдік мағынасы сену, нану дегенді білдірсе, дінімізде иман ету деп Аллаға және Оның елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сенімді жүрекпен бекітіп, тілмен жеткізуді айтады. Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Уа, иман еткендер! Алла Тағалаға, Оның елшісіне және Оның елшісіне түсірілген кітапқа иман етіңдер» (15), - деп бұйырады. Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Жәбірейіл періште иман жайлы сұрағанда, Ол кісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаға және Оның періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Қиямет күніне, сондай-ақ тағдырға - оның жақсылығы мен жамандығына иман етуің», - деп жауап берген.

Абай атамыз өлең жолдарында:
Мумин болсаң, әуелі иманды бол,
Пендеге иман өзі ашады жол,
Шын илан да, таза ойла бір иманды, Мунафиқ намаз қылмап па, мағлум ғой ол
, деп пенденің Жаратушысына иман етуінің маңыздылығы жайлы тоқталған. Қара сөзінде де «Әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз» (16), деген. Осыған ұқсас Ахмет Иүгінеки бабамыздан қалған: «Бірлігіңді білуге ұмтылғандар, бір заттан мың түрлі дәлел табар», - деген де сөз бар. Расында, айналысына назар салып, ой жүгірткен адам бұл ғаламның өздігінен жаратылмағанын, оның ұлы бір Жасаушысы бар екенін ұғынады. Бұл ғаламда талай ғибраттың барын білген адам, өзіне берілген сансыз игілік пен нығметтің сұрауы болатынын түсініп, Аллаға деген шүкірлігін арттырады һәм алғысын амалымен көрсетуге ұмтылады.

❗(15) «Ниса» сүресі, 136-аят;
❗(16) Абайдың жиырма сегізінші қара сөзі;

©Думан Сайфулла

📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"

https://t.me/adep_daris




✨✨✨

📌АЛЛА ТАҒАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ӘДЕПТЕР

Аса қамқор, ерекше мейірімді, бүкіл әлемді аса шеберлікпен жаратқан, адамды сол жарытылыстың абзалы етіп, оған сансыз нығметтер берген Алла Тағала бүкіл мақтаулар мен мадақтарға лайық. Алла Тағала адам баласын қандай көркем бейнеде жаратқан болса, адам баласы Оған қатысты әдептерді де сондай ең көркем дәрежеде атқаруы қажет. Өйткені Алла Тағалаға қатысты әдептер - Ислам әдептерінің барлығын толығымен қамтитын, негізгісі әрі маңыздысы саналады.

Құранда баяндалған пайғамбарлар қиссасына назар аударсақ, Алланың сүйікті құлдары болған пайғамбарлардын Алла Тағалаға қатысты әдептерді аса ұқыптылықпен атқарғандығын байқауға болады. Мысалы, Құранда Ибраһим пайғамбардың: «...Ол мені жаратқан, маған тура жол көрсетеді. Ол мені тамақтандырып, сусындандырады. Ол ауырған болсам, шипа береді» (11), - деп айтқандығы баяндалады. Аятта Алла Тағалаға қатысты: «Мені жаратқан», «Маған тура жол береді», «Мені тамақтандырып, сусындандырады» деп айтылғанымен, сырқат мәселесінде «маған ауру берсе» деп емес, «ауырсам» деп келуінде үлкен әдеп бар. Жамандық адамның өзінің істеген ісінің себебімен келетіндіктен, ол Алла Тағалаға қатысты етіліп айтылмайды. Абай атамыз: «Ауруды жаратқан - Құдай, ауыртқан Құдай емес», - деуі осыдан. Құран аятында: «Саған нендей жақсылық келсе, Алладан, ал бір жамандық келсе, өзіңнен» (12), - делінген. Құранның беташары болған, «Фатиха» сүресінде де, осы әдеп үйретіліп: «Бізді тура жолға бастай гөр. Қаһарыңа тап болғандар мен адасқандардың жолына емес, Өзің нығметке кенелткендеріңнің жолына баста» (13), - деп айтылады. Бұл аяттарда тура жолдағылар жайлы: «Нығметке кенелткендеріңнің», деп тура жол Алла Тағаланың қалауымен болатындығы айтылып, ал ашуға ұшырағандар мен адасқандарға қатысты: «Өзің қаһарына ұшыратқан», «Өзің адастырған» делінбейді. Тек: «қаһарына тап болғандар» немесе «адасқандар» деп, өздерінің істері себепті осылай болғандығы меңзелген.

Исламның барлық әдептері осы Алла Тағалаға қатысты әдептен бастау алады. Мысалы мешітке баратын адамнын киім кию әдебіне қатысты Құранда: «Әрбір мешітте (таза әрі әдемі) киімдеріңді киіңдер» (14), делінген. Яғни, мешітке Алла Тағалаға құлшылық қылуға баратындықтан әдемі әрі таза киім кию қажеттігі меңзеліп тұр. Сол сияқты ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кімде-кім сарымсақ, жуа, пияз жеген болса, біздің мешіттерімізге жақындамасын», деп, мешітке бұндай заттарды жеп баруға тыйым салған. Жаман иіс періштелерді қашырады, мешітке келушілерге де жағымсыз әсер қалдырады. Дегенмен, бұл хадистің негізгі мақсаты - Алла Тағалаға құлшылық жасалатын қасиетті жерде жаман, жағымсыз иістердің болуына жол бермеу.
Мұсылманның құбылаға қарап дәрет сындырмауының себебінде
де Жаратушыға деген әдеп жатыр. Өйткені құбыла - Алла Тағалаға құлшылық жасалатын тарап. Осы сияқты мұсылманның ата-анасын сыйлауы, ағайын-туыс, көрші-қолаңмен жақсы қарым-қатынаста болуы, бауырмашылдық сақтауы сияқты әдептерге аса мән беруі - ол әдептерді әлемдердердің Раббысы Алла Тағаланың бұйырғандығынан.

Ендеше, Алла Тағалаға деген әдептер Исламның барлық әдептерін қамтитын негізгі әдеп болғандықтан, әрбір мұсылманның бұл әдептерді білуі әрі амал етуі аса маңызды.

❗(11) «Шұғара» сүресі, 78-80-аяттар;
❗(12) «Ниса» сүресі, 79-аят;
❗(13) «Фатиха» сүресі, 6-7-аяттар;
❗(14) «Ағраф» сүресі, 31-аят;

©Думан Сайфулла

📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"

https://t.me/adep_daris


✨✨✨

📌ӘДЕПТІҢ ТҮРЛЕРІ

Ғалымдар әдепті үш топқа бөліп
қарастырады:

1️⃣. Алла Тағалаға қатысты әдептер.

Әдептің бұл түріне: Алла Тағалаға иман ету, ешқандай серік қоспау, жақсылықта да, таршылықта да Жаратушы жөнінде жақсы ойда болу, амалдарында ықылас таныту, Аллаға деген махаббатын барлығынан да жоғары қою, Оның бақылап, көріп тұрғандығын әрдайым есте ұстау, тағдырына ризалық таныту, тәуекел ету, шүкірлік қылу, тәубе ету, қорқу, ұялу, үміт ету сияқты т.б. істер жатады. Әлемдердің Жаратушысы, құдіреті күшті Алла Тағала адам баласын көркем етіп жаратқанындай, адам баласы да Жаратушысына қатысты әдептерді меңгеріп, ең көркем түрде орындай білуі тиіс.

2️⃣. Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)
қатысты әдептер.


Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) - Алла Тағаланың адамдар арасынан таңдалған ең сүйікті құлы әрі адамдарға Алланың аманатын жеткізуші елшісі. Сондықтан да дінімізде ол кісіге (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген ерекше әдеп қағидалары бекітілген. Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатысты: пайғамбарлығына иман ету, әкелген хабарларына сену, бұйрықтарына бағыну, жақсы көру, үлгі ету, есімін естігенде салауат айту, сүннет амалдарын құрметтеу, өмірімен танысу, хадистеріне амал ету, сахабаларын құрметтеу, атынан жалған сөйлемеу сынды т.б. әдептер бар.

3️⃣. Алла Тағаланың жаратылыстарына қатысты әдептер.

Алла Тағаланың жаратылыстарына қатысты әдептер екі түрлі болады. Олар: Адамның жеке басына қатысты әдептер және өзге адамдармен қарым-қатынастағы әдептер.

Бірінші: Адамның жеке басына қатысты әдептер. Оларға: тамақтану, ұйықтау, сапарға шығу, тазалық, құлшылық ету, білім алу, еңбек ету әдептері т.б. сияқты адамның жеке өз басына қатысты мәселелер кіреді.

Екінші: Өзге адамдарға қатысты әдептер. Бұған: ата-ананы сыйлау, ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынасы, ұстазға құрмет, туыстық қатынасты сақтау, көршімен араласу, қонақ күту әдептері т.б. сынды өзге адамдармен қарым-қатынас жасаудағы әдептер жатады. Алла Тағаланың жаратылыстарына қатысты әдептерге жан-жануарларға да қатысты: оларды жазықсыз өлтірмеу, азаптамау деген секілді әдептер кіреді.

©Думан Сайфулла

📗"Ислам әдептерінің энциклопедиясы"

https://t.me/adep_daris

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.