Postlar filtri


ТРК Президента dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
💐Президент 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Қымбатты ханымдар!


Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – сұлулық пен мейірімділіктің символына айналған шуақты мереке.

Қазір Қазақстанда әйелдер түрлі кәсіппен айналысып, бизнесте және қоғамдық қызметте зор табысқа жетіп жүр. Олар биік белестерді бағындырып қана қоймай, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Барлық әйелдердің адал еңбегі ең жоғары бағаға лайық. Осы сәтті пайдаланып, Қазақстандағы аналар мен арулардың бәріне шынайы ризашылығымды білдіремін.

Мемлекет әйелдердің құқықтарын қорғауға және барша азаматтың жан-жақты дамуы үшін жағдай жасауға әрдайым баса назар аударады.

Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін!

@ptrkkz




Жыр алыбы Жамбыл атамыздан сұрапты: «Бір ғасыр өмір сүруіңіздің құпиясы неде?» деп.
Ұлы ақын:
«Дүние деп күймедім,
Жамандықты сүймедім.
Жолда жатқан біреудің
Алтынына тимедім», – деген екен!




Aqorda 🇰🇿 dan repost
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!


Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жарқын мереке азаматтарымыздың бір-біріне деген ризашылығы мен тілектестігінің, шынайы құрметінің символы саналады.

Халқымыз ғасырлар бойы берекелі бірлігі мен туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында ең күрделі сынақтар мен қатерлерді еңсере білді. Осы іргелі құндылықтар жалпыұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Бұл құрылым қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді.

Қазір біздің алдымызда жүйелі әрі ауқымды реформаларды жүзеге асыру міндеті тұр. Осы орайда, әр азаматтың ел тағдырына жауапты екенін толық сезіне білуі маңызды. Біз жұдырықтай жұмыла білсек қана, үйлесімді және әділетті қоғам құру жолында жетістікке жетеміз.

Туған елдің игілігі үшін адал әрі тынымсыз еңбек етіп жүрген барша отандастарыма алғыс айтамын.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

t.me/aqorda_resmi


Aqorda 🇰🇿 dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!

Бұл – халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар кезең. Ораза кезінде сабырлылық пен қанағатшылдық, жанашырлық пен қамқорлық секілді ізгі құндылықтар ерекше дәріптеледі. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмек беріп, қайырымдылық жасауға ұмтылады. Мұның бәрі ислам дінінің гуманистік идеяларынан бастау алады.

Халқымыз үшін дін мен дәстүр – бірін-бірі толықтырып, өзара сабақтасып жатқан егіз ұғым. Асыл дініміз де, ата дәстүріміз де жұртты жақсылық пен жасампаздыққа үндейді.

Биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Мазмұны терең, мағынасы үндес қос мереке халқымыздың берекелі бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырады. Оразадан оразаға аман-есен жете берейік!

Баршаңызға бақ-береке тілеймін!

Ниет қабыл болсын!

t.me/aqorda_resmi


Qazaqparat dan repost
✍️ Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күні

Жырау 1846 жылы 28 ақпанда қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде туған. Жасынан өлең-жырға қанып өскен, өз анасы Ұлданның ақындық талантын бойына сіңірген, «Менің пірім - Сүйінбай...» деп Жамбылдың өзі жырға қосқандай, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алған.

Оның үздік шығармалары 40-тан астам шет тіліне аударылды. Ұлы жырау қазақ халқын, оның поэзиясын бүкіл әлемге жария етті.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Егер бір жерде кіші адамдардың үлкен көлеңкелері пайда бола бастаса, онда ол жерде күн батып бара жатыр деген сөз.

Авторы белгісіз




Көп дүниені бірін-бірімен салыстырып, бас қатырып әлекпіз. Мысалы, қобызды қолынан түсірмеген Қорқыт атаны Рихард Вагнер емес деп есепке алмаймыз, ақын Юнус Эмрені Поль Мари Верленге, ақын Бакиді (Махмұт Абдұлбақи) Гёте мен Андре Жидке ұқсата алмағанымыз үшін бағаламаймыз. Ұлы дала Азияның рухани байлығы мол құрлығында өмір сүрсек те, әлемнің ең сәнді киінген халқы бола тұра, тырдай жалаңаш күй кешеміз. Аймақтану, адамтану, мәдениет, өнер сынды салалар бізден жаңа үйлесім, көзқарас, ынта мен ықылас күтуде. Ал біз өз негізгі міндетімізді, миссиямызды естен шығардық. Басқа халықтардың, өзге елдердің бастан кешкен тәжірибесінен пайдаланып сонымен әлек болып жүрміз.

Түрік жазушысы Ахмет Хамди Танпынар
«Хузур» романы


Қырғи жолдас бола алмайды кептермен,
Себебі ол кептер етін жеп көрген.
Қой қоралас бола алмайды қасқырмен,
Қасқырдан ол көресіні көп көрген.

Мұқағали Мақатаев




Syrym Itkulov dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
О том, как мы едим и пьем пластик с кофе и едой – теперь он официально в наших мозгах

Недавно я публиковал исследование Nature Medicine:
ученые изучили 52 мозга умерших людейи везде был микропластик.

За 8 лет концентрация выросла на 50%. У больных деменцией пластика в 3-5 раз больше. Он найден в крови, печени, почках, костном мозге, плаценте и даже грудном молоке

Доказано: 5 граммов пластика в неделю – мы «едим» его вместе с упаковками, бутылками и контейнерами


Белгілі жазушы, талантты драматург Мадина Мырзахметқызы Омароваға мерейлі жасқа толуына орай Президент Алғысы мен төсбелгісі табыс етілді.
Марапаттау рәсімі «Асыл тас» театры тарапынан қойылған «Мені тауып алшы» атты спектакльдің премьерасында өтті. Спектакльдің авторы драматург М.Омарова, режиссері Е.Нұрсұлтан.


Qazaqstan.tv dan repost
Белгілі жазушы, драматург Дулат Исабеков дүниеден озды

Жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков 83 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Қаралы хабарды ұлы Естияр Дулатұлы хабарлады.

📺 @qazaqstantv


Egemen Qazaqstan dan repost
Бауыржан мен Мәлік жазысқан хаттар

Музей қорындағы хаттардың басым бөлігі – Бауыржан Момышұлымен жазысқан хаттар. 1941 жылы Алматы қаласының түбінде жасақталған 316-ат­қыштар дивизиясы (командирі генерал-майор И.В.Панфилов) құрамында майдан шебіне аттанған қос батырдың таныстығы осы кезден басталып, со­ңынан үлкен достыққа ұласады.



17 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.