Shalkar Nurseit Report


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Politics


Саясаттанушы, "Саяси шешімдер орталығы" директоры

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Politics
Statistics
Posts filter


Forward from: Власть - Новости Казахстана
Уголовное дело против Темирлана Енсебека было заведено за пост, опубликованный в январе 2024 года.

Из материалов уголовного дела стало известно, что дело против него было возбуждено еще в апреле 2024 года, лингвистическая экспертиза проведена в мае, а задержание состоялось лишь в январе 2025 года.

Адвокат Жанара Балгабаева сообщила, что телефон и ноутбук Енсебека вскрывались до следственных действий. По словам адвоката, Енсебек не согласен с обвинением.

Также сегодня, 27 января, частную жалобу Балгабаевой об изменении меры пресечения Енсебека оставили без удовлетворения, он будет содержаться под стражей на период досудебного расследования.


Егер биліктің тиімсіз шешімдері, сәтсіз қадамдары мен саяси репрессиясы сатираға арқау болса, мәселе – сатирада емес, биліктің өзінде.

Егер сатирадағы абсурд пен өмірдегі оқиғалар ажырата алмайтындай ұқсас болса, мәселе – сатирада емес, биліктің өзінде.

Егер сатираны билік көтере алмаса, мәселе – сатирада емес, биліктің өзінде.

Егер сатира үшін азаматтар сотталса, мәселе – сатирада емес, биліктің өзінде.

Себебі сатира – қылмыс емес.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Мына видеодан АҚШ-тағы президент және біздегі елбасы институының айырмашылығын көруге болады.

1989-2017 жж. АҚШ-ты билеген 4 президенттің сайлауда бет көріспестей болған қарсыласының жанында отырып бір-біріне көрсеткен құрметіне, жылы сөздеріне, ғасырлар бойы қалыптасқан саяси мәдениетіне сүйсінесің.

Осы аралықта Қазақстанды өз-өзін “елбасы” атап алған 1 ғана президент биледі. Артынан орнына мұрагерін тағайындап кетті. Ал мұрагері кемі 238 азаматы оққа ұшқанына 3 жыл толып, өзі екінші елбасыға айналған соң режимнің қолбала газетіне шыққан “сұхбатында” экс-президент қосбилік құрып, “саяси сыпайылық” танытпады деп сыртынан сынап, бейкүнә құрбанның кейпіне енеді.

Жұрттың билігі шектелген, сайланған президенті мен біздегі билігі шексіз, өз-өзін тағайындайтын елбасылардың айырмашылығын әдемі көрсететін видеоны көре отырыңыз.


Forward from: Власть - Новости Казахстана
Несмотря на регулярные разговоры о политических реформах в Казахстане, реальность остается иной — журналисты и активисты сталкиваются со всем большим давлением властей.
Эксперты ожидают, что репрессии продолжатся.

Директор ОФ «Еркіндік қанаты» Елена Швецова считает, что 2024 год стал особенно сложным в части ограничения свободы слова: изменение законодательства о СМИ, которое усложнило работу журналистов; преследование стендап-комиков; продолжающееся давление на СМИ, независимых журналистов и активистов.

Политолог Шалкар Нурсеит отмечает, что любые действия несогласных граждан власти воспринимают как угрозу своему существованию.

Эксперт назвал это «синдромом пост-Қаңтара», который отмечен непрекращающимися репрессиями против активистов, несогласных с действующим политическим курсом.

«Мы знаем о нескольких десятках политзаключенных. В регионах постоянно преследуются сторонники партий “Алға” и “Көше”, но сведения об этом не всегда попадают в информационное поле»
, – отмечает политолог.


Тоқаев режимі саяси сатираны мүлдем көтере алмайтынын тағы да дәлелдеді.

Темірлан Еңсебекті екі айға қамау шешімі шықты. Осылайша, Темірланның бостандығын бірнеше жылға шектеу немесе оны 7 жылға соттау қаупі төніп тұр. Тереңірек қарасақ, бұл – Темірлан арқылы режимнің абсурдымен келіспейтін азат ойлы азаматтарды жазалау, қорқыту, еркін ойлауға тыйым салу амалы.

Тарихтан асқан ұстаз жоқ. Адамзат тарихында қаншама қатыгез диктатуралар мен автократиялар болған. Олардың ешқайсысының қолынан елдегі бүкіл азаматтың еркін ойлауын шектеу келмеген.

Ал құлбас-боттарға айтарым: кураторларың дайындап берген бейшара комментарийлерді көшіріп сала бермей, “сатира” сөзінің анықтамасын оқып келіп жазыңдар булшиттеріңді.


У нас отняли практически все политические права, даже не дав нам шанс попробовать пользоваться ими на практике: право на свободу слова, право на мирные собрания, право не соглашаться с решениями властей, право заниматься политикой у себя на Родине и et cetera.

После ареста Темирлана Енсебека,похоже, решили запретить нам, гражданам Республики Казахстан, смеяться над политическими шутками. Теперь осталось только одно — внести в Уголовный кодекс статью о мыслепреступлении.

На самом деле этот кейс подтверждает, что в ближайшем будущем в стране не будет никакой политической модернизации. Тезисы о необходимости “диктатуры закона и порядка” и “красной линии” окончательно заменили дежурную фразу про “Справедливый Казахстан” до “Третьей Республики”.

Кстати, Темирлана Енсебека впервые задержали в мае 2021 года по обвинению в распространении ложной информации и завели уголовное дело против него. Казахстанцы с активной гражданской позицией тогда считали, что его хотели наказать за шутки о Назарбаеве. В сентябре 2022 года, то есть после Кантара и бесчисленных обещаний Токаева реформировать политическую систему до неузнаваемости, дело было прекращено “за отсутствием состава уголовного правонарушения”.

Тогда некоторые подумали, что, в отличие от первого президента, у второго есть чувство юмора. Были те, кто верил, что у нынешнего хозяина Акорды появилась долгожданная политическая воля демократизировать страну. Но прошло три года после Кантара, и эта воля так и не проявила себя. Видимо, второй президент унаследовал от своего шефа не только абсолютную политическую власть, но и полную нетерпимость к политическим шуткам.


​​Появляются посты в Facebook, оправдывающие обыск в доме Темирлана Енсебека, автора сатирического проекта QazNews 24, и оказываемое на него давление. Это показатель того, что дело политически мотивировано, и авторитарный режим рассматривает даже сатиру как угрозу.

Это и есть та «диктатура закона и порядка», о которой говорил Токаев? Или Акорда считает, что Темирлан перешел «красную линию» для гражданского общества, о которой Карин часто упоминает в своих интервью?

Что вы думаете?


Forward from: Azattyq - Азаттық
«Марафоншы». Марат Жыланбаев туралы деректі фильм

61 жастағы марафоншы, оппозициялық белсенді Марат Жыланбаевтың қамауда отырғанына бір жылдан асты. Астана соты оны «экстремистік ұйым ісіне араласты, қаржыландырды» деп, 7 жылға соттаған. Жыланбаев істің «саяси астары бар» деп санайды. Бірақ Қазақстан билігі оны «саяси тұтқын» дегенге келіспейді. Азаттық тілшісі Сәния Тойкен Марат Жыланбаевтың спорт пен саясаттағы жолы туралы деректі фильм әзірледі.


В Вашингтоне мне посчастливилось работать в одной компании с бывшим помощником экс-президента США Джимми Картера по китайским вопросам Шоном. В октябре прошлого года, когда президенту Картеру исполнилось 100 лет, он в LinkedIn написал замечательную историю о 39-м президенте США и экс-Первой леди Розалин Картер. 29 декабря, когда скончался Джимми Картер, я в первую очередь вспомнил пост Шона. Затем я читал воспоминания коллег Картера, политиков и общественных деятелей США. Все в один голос говорили, что Картер был одним из самых эффективных экс-президентов США. Самое главное — он был Человеком, который жил согласно тем принципам, которые исповедовал всю свою жизнь.

Через несколько дней после смерти Картера в казахстанском сегменте активно обсуждалось интервью президента Токаева газете «Ана тілі», в котором он жаловался на экс-президента Назарбаева, описывая его как политика, не отличавшегося политической деликатностью. Токаев охарактеризовал Назарбаева как экс-президента, создавшего дуумвират.

Кроме того, Токаев заявил, что у него есть большие планы по развитию страны на многие годы вперёд, которые он намерен реализовать. Буду рад ошибиться, но это заявление звучит как "В ближайшем будущем ещё раз поменяю Конституцию под себя, чтобы не ограничиваться одним семилетним сроком". Если Токаев все-таки решится на продление своего срока, то это будет попытка узурпации власти "конституционным путём", по-назарбаевски.

За шесть лет своего президентства Токаев ярко продемонстрировал, что намерен оставаться главным бенефициаром назарбаевской системы. Думаю, казахстанцы не верят и не просят Токаева быть как Картер. Однако у него был прекрасный шанс не стать как Назарбаев. Судя по его последним заявлениям, он намерен доказать нам, что история повторяется дважды.


Forward from: Azattyq - Азаттық
📹 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" газетіне сұхбат беріп, Талғардағы төбелес кезінде қаза тапқан Шерзат Полаттың ісі туралы пікір білдірді. Ол марқұм баланың отбасы қандастар екенін меңзеп, олар "заңсыз әрекеттерден аулақ болуы керек, бұрын өздері тұрған елде ондай әрекет жасаған жоқ қой" деп жауап берген.

Бұл сөзін саясаттанушылар мен қандастар өткір сынап жатыр.

Азаттық саясаттанушы, журналист пен қандастардың өзінен президент Тоқаевтың осы сөзіне қатысты пікір сұрады.

🔗Толығырақ

❤️Азаттыққа жазылыңыз




Әлиевтің Тоқаевтан айырмашылығы

Әзербайжанда да, Қазақстанда да авторитар жүйе билік құрып отыр.

Басты айырмашылық – Әлиевтің билігі азаматтардың шынайы қолдауына ие. Былтыр Таулы Қарабахты қайтарған соң Ильхам Алиев ұлт қаһарманына айналды десе болады.

Менің ойымша, Таулы Қарабахты қайтару жолында Әзербайжан екі нәрсені жақсы меңгеріп алды.

Біріншісі – халықаралық аренада сапалы ақпараттық кампания жүргізу, мемлекет пен саяси режимнің имиджін жасау. Осы мақсатта Баку шетелдік лоббистермен, заңгерлермен, PR компаниялармен тиімді жұмыс істей алатын болды.

Екіншісі — ұлттық мүдде үшін күресу. Өз пайдасы үшін Ресеймен де, Батыспен де, халықаралық ұйымдармен де келіссөз жүргізуді үйренді. Тіпті Таулы Қарабах үшін соғыс жүріп жатқанда Арменияның ЕАЭС пен ОДКБ бойынша одақтасы Беларусьтен қару сатып алған кезі де болған.

Одан бөлек, Әзербайжан Ресей депутаттарының провакациясын Кремльдің көзқарасы емес деп жылы жауып қоятын ел емес.

Мәселен, 2022 жылы Әзербайжан билігі Госдума депутаты Михаил Делягинге көкесін танытқан. Дәлірек айтқанда, Ресей депутаты “Россия 1” арнасында Таулы Қарабахтағы іс-әрекеті үшін Әзербайжанның мұнай және энергетика инфрақұрылымын жайрату керек деген. Артынша Әзербайжанның Бас прокуратурасы Делягинге қылмыстық іс қозғап, сот шешімімен Интерпол арқылы оған халықаралық іздеу жариялады. Путиннің баспасөз хатшысы Песков пен РФ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Захарова Делягиннің пікірі Мәскеудің ресми позициясы емес деп ақталған. Тіпті Захарова Делягиннің мәлімдемесін “жауапсыз” деп сипаттап, Дума басшылығы түсініктеме беруі керек деген. Депутатты әріптестері де артық кетті деп сынаған. Шарасы қалмаған Делягин “Говорит Москва” радиосында Әзербайжан халқынан кешірім сұрауға мәжбүр болды. Одан қалса, “Справедливая Россия” партиясы басшыларының бірі Ресейдегі Әзербайжан елшісінен өз партияласы Делягиннің қылығы үшін кешірім сұрады.

Елдің егемендігі мен ұлттық намысы үшін сөзбен емес, іспен күрес деген осы.

Айтпақшы, И.Әлиев Қ.Тоқаев секілді МГИМО түлегі және кәсіби дипломат. Екі елдің де парламенті президентке тәуелді.

Алайда, көріп отырғанымыздай, ұлттық мүдде мен азаматтарының құқығын қорғау дегенді екі елдің президенті мен депутаттары екі түрлі түсінетін секілді.


Әлиев, Путин және Тоқаев Ақтау маңындағы ұшақ апаты жайлы қандай саяси шешімге келетіні әзірге белгісіз.

Белгілісі – Әзірбайжан билігі “ұшақ апатына құстар себеп болды” дегенді жалғыз нұсқа деп қабылдамайтынын көрсетті. Ресми мәлімдеме шықпай тұрып Батыс медиасымен тілдесу арқылы олар Мәскеуге сигнал жіберді. Баку Ресейдің әуе күштері әдейі болмаса да апатқа себеп болды дегенді Кремльдің мойындағанын көргісі келетіндей. Түбінде осылай болатын да секілді.

Егер Баку мен Мәскеудің мәлімдемесі екі түрлі болса, шетелдіктерді шаңыраққа қаратқыш, “халық сайлаған” депутаттар “құстар ұшақ апатына себеп болды” деген нұсқаны ғана қабылдап, қалған варианттарды спекуляция дей ме екен? Әлде қаза болған 6 қазақстандықтың әруағы үшін, олардың жақындарының құқығын қорғау үшін ашық әрі әділ зерттеуді талап ете ме екен?

Әрине, бұл – “Жаңа Қазақстандағы” риторикалық сұрақтар.

Өйткені қазіргі парламент депутаттар халық атын жамылып президенттің саясатын бір ауыздан қолдайтын, қызыл тілге сүйенетін, арзан шоу жасайтын орын болып тұр.




“Слышащий бизнесмен”

В последние три года президент Токаев резко снизил свою активность в социальной сети Х (Twitter): перестал давать поручения своим подчинённым, останавливать строительство спорных объектов и реагировать на резонансные дела.

Причина очень проста. После Кантара, когда баланс сил в верхушке власти изменился, ему не понадобился Twitter. Напомню, что до январских событий в большой политике и информационном поле доминировал экс-президент Назарбаев. В новостях на государственных телеканалах, а также в официальных газетах и провластных интернет-СМИ сначала давали новости с участием Назарбаева, а потом – Токаева. При активном Назарбаеве Токаев был вынужден играть роль продвинутого «слышащего президента» с аккаунтами в соцсетях. Иными словами, после январской трагедии политическая амплуа Токаева изменилось: он стал не «техническим» президентом с ограниченными полномочиями, а вторым президентом РК с полными правами. Соответственно, он начал коммуницировать с чиновниками и народом как второй елбасы, и его любимым тезисом стала «диктатура закона» вместо «слышащего государства». Таким образом, коммуникационная стратегия «слышащего президента» так и осталась нереализованной.

Если после Кантара президент Токаев снизил свою активность в соцсетях, то после начала войны в Украине в казахстанском сегменте соцсетей активизировался Тимур Турлов, бизнесмен российского происхождения. В июне 2022 года он получил гражданство Казахстана, начал покупать бизнес-активы в стране, выделять миллиарды на благотворительную помощь, а в последнее время даже начал носить чапан на публичных мероприятиях и подкастах. Самое главное: за короткое время он вошёл в пул бизнесменов Токаева, сопровождающих казахстанского президента в его зарубежных поездках.

Наблюдая за публичной деятельностью Турлова, невооружённым глазом видно, что он хочет понравиться казахстанцам любым доступным способом. Видимо, Турлов и его команда решили реализовать коммуникационную стратегию «Слышащий бизнесмен». К примеру, в начале уходящей недели в Threads Турлов отпустил с работы одного из сотрудников на Шымбұлақ. Причиной стало обращение пользователя Threads за его знакомого, работающего в одной из компаний Турлова. В ответ пользователи начали восхищаться открытостью и доступностью миллиардера. Наблюдатели разделились на две группы: одни считают, что все было органично и спонтанно, а другие называют это запланированной и организованной PR-тактикой.

Лично я в данном кейсе вижу почерк советников казахстанских чиновников по PR. На самом деле, то, что мы наблюдаем — это заезженная PR-тактика, популярная в Facebook несколько лет назад. Тогда среди министров и акимов было модно давать поручения своим подчинённым в соцсетях, делиться номерами телефонов, публично обещать гражданам принять их в своём кабинете и т.д. Важно отметить, что такие PR-ходы не сделали чиновников более подотчётными гражданам, а их деятельность — более эффективной и прозрачной. Соответственно, доверие казахстанцев к госаппарату осталось на низком уровне.

Так же и от личного реагирования Турлова на флешмоб пользователей соцсетей его бизнес-деятельность не станет более прозрачной, и в долгосрочной перспективе доверие казахстанцев к миллиардеру не увеличится. Надо всегда об этом помнить.

Напоследок хотелось бы поделиться непрошеными рекомендациями Турлову и другим бизнесменам:

1. Будьте максимально аутентичными. Не повторяйте ошибки казахстанских чиновников — избегайте искусственного создания инфоповодов ради инфоповодов.

2. Всегда учитывайте особенности местного менталитета. Если казахстанцы свободно говорят на русском языке, это не означает, что они мыслят как россияне. Применяйте PR-тактики разумно и уместно, особенно в кризисных ситуациях.

3. Постоянно улучшайте свои сервисы и качество товаров для клиентов. Пока гуру по коммуникациям не придумали PR-стратегию круче, чем качественные товары и услуги. Вспомните репутацию Каспи банка до и после становления успешным финтех-проектом.


Талғардағы Қаржаубай Нұрымовтың әулетіндегі қайғылы оқиғалар сериясына қарап авторитар биліктің бойындағы пост-Қаңтар синдромы өршіп бара жатқанын көреміз.

Ақорда мен күштік құрылымдар “халық көтеріліп кетпесе болды” деген үреймен азаматтарды, тіпті Қаржаубай Нұрымов секілді әділет іздеп шырылдаған жәбір көрушілерді де, алдап-арбауға, үркітуге, айыппұл салуға, қамауға дайын екенін танытты.

Талғардағы трагедияны “Ескі Қазақстанның Тоқаевқа жасаған саботажы” дейтін конспирологтар шықса, еш таң қалмаймын. Шын мәнісінде, қазір Қазақстанда билікті дәл өзі сияқты дискредитациялайтын саяси күш жоқ.

Әділетті Қазақстан, Тоқаевша айтсақ, “заң диктатурасымен” орнамайды. Әділетті Қазақстан азаматтар өз мемлекеті қорғансызға қорған болады, құқық қорғау органдары істі ашық әрі жан-жақты қарайды, сот әділ шешім шығарады деп шын сенген кезде ғана орнайды. Ел байлығының жартысынан астамы бар болғаны 165 адамның қолында шоғырланған, халқы айлығының 70%-ін тамаққа жұмсайтын, әрбір бесінші азаматы шетелге көшуді ойлайтын Қазақстанда ол сәттің жақында тумайтыны анық.

Ал ол күн туғанша Астанада ықпалды көкесі, оффшорда миллиондаған доллары, күштік органдарда “крышасы” жоқ “әлсіз” отбасыда туылған әрбір қазақстандық қатыгез, қорқақ әрі селқос қоғамда о бастан аутсайдер болып қала береді.


Forward from: Azattyq - Азаттық
🔴 Ресей билігі бүгінгі саясатын негіздеуде тарихқа жиі сілтейді. Алдымен Қырымды басып алып, сегіз жылдан соң Украинаға үлкен күшпен басып кірген Мәскеу бұл елдің тарихын жоққа шығарады.

Украина деген мемлекет болмаған, украин деген ұлт жоқ дегенге саятын мәлімдемені жиі айтады. Тіпті бір сөзінде Ресей президенті Владимир Путин қазақ мемлекеттілігіне де шек келтірген.

🇷🇺🇰🇿 Осы тұста Мәскеу мен Астананың тарих жазу ісіндегі белсенді әріптестігі Қазақстанда алаңдаушылық тудырып отыр.

Ресей президентінің Қазақстанға сапары аясында Астанада екі ел тарихшыларының форумы өтті. Бұл – Мәскеу мен Астананың тарих жөніндегі әріптестігінің ең кейінгі мысалы. Екі ел осы мәселені бұған дейін де талқылаған.

Бұл нені білдіреді? Мәскеу қазақ тарихын жазуға араласқысы келе ме?

Азаттық тілшісі Жолдас Өрісбайдың бүгінгі мақаласынан оқыңыз 👇🏻

🔗Сілтеме

❤️Азаттыққа жазылыңыз


Forward from: Azattyq - Азаттық
💬 Думан Мұхаммедкәрімнің адвокаты Ғалым Нұрпейісовтің сөзінше, Талдықорғандағы тергеу изоляторында отырған журналист өзін Алматы облысындағы Заречный түрмесіне ауыстырмағанына наразылық ретінде денесін тілген, ізінше аштық жариялаған

🗣 "Талдықорғандағы тергеу изоляторында Думан Мұхаммедкәрімді екі күн суық карцерде бетон еденде жылы киімсіз ұстаған" деді адвокат "Республика" басылымына.

Оның сөзінше, апелляциялық шағымы өзгермеген соң журналисті Алматы облысындағы Заречный түрмесіне жіберуі керек болған. Себебі заң бойынша ол өзі тұратын аймақта жазасын өтеуі керек. Адвокаттың Азаттыққа айтуынша, журналисті Талдықорғанға "құжаттарды алғаннан кейін Заречныйға ауыстырамыз" деп "алдап апарып", камераға жапқан. Түрмеге ауыстыруды талап еткен кезде карцерге жапқан.

☎️ Түрме бастығы Әсет Ермаковқа Азаттық хабарласқан кезде тілшінің аты-жөнін екі рет сұраған ол "ұялы телефоныңызды қалдырыңыз, хабарласамыз" деді. Бірақ сол күйі хабарласпады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


​​Кеше “Хан Сұлтан” операсы премьерасының соңғы күніне билет алып үлгеріп, көріп қайттым. Үш күн қатарынан аншлаг жасаған опера көңілімнен шықты. Аудиторияның овациясына қарағанда көпшіліктің де көңілінен шыққан сияқты.

Дәл қазіргі геосаяси жағдайда осындай тарихи шығармалар өте маңызды. Ең алдымен, ұлт құру жолындағы біз сияқты мемлекеттерге керек. Премьерада атқамінерлерден, жай күнде “ұлттық идеология керек” деп ұрандататын қоғам қайраткерлерінен ешкімді байқамадым. Мүмкін алғашқы екі күнде келген шығар.

Операда “Шыңғыс қаған, Жошы, Бату, Берке” деп хормен айтатын бірнеше сәт бар. Залда отырып “Жақында елімізге мемсапармен келген Путинді Тоқаев осы операға алып келгенде дипломатиялық троллингтің көкесі сол болар еді-ау” деген ой келді. Ал егер мәселеге “серьезно” қарасақ, РФ пен Қазақстан президенттері осындай тарихи спектакльдерді бірге көре алатын деңгейге жеткенде екіжақты қарым-қатынас тең және екі жаққа да пайдалы деңгейге өткенінің бір көрсеткіші деп айта аламыз.

Абай атындағы ұлттық опера және балет театрына шығармашылық табыс пен сәттілік тілеймін!


Ақорда қанша жерден Қазақстанды “орта деңгейлі держава” (Middle Power) деп жар салғанымен еліміз жақын арада күшейіп кетпейді. Солтүстіктегі көршіміз авторитар биліктің “құбыласы” болып қала береді. Әлсіз экономикамыз одан сайын әлсіреп, халқымыз одан әрі кедейлене береді.

Дегенмен кейінгі екі күнде көңілге үміт сыйлайтын дүниені байқадық. Азаматтарымыз соғысты емес бейбітшілікті, құлдықты емес азаттықты қалайтынын көрсетті.

Автократияның құрсауында отырса да, кедейліктің қамытын кисе де еркіндікке ұмтылатын халқы бар Қазақстан күндердің бір күні шын мәнінде егемен ел болады деп сенемін. Ол үшін алдағы саяси және экономикалық өларадан аман-есен өтуіміз қажет. Ал Ақорда кезекті қилы кезеңде Қаңтардағыдай күшке емес диалогке, имитацияға емес реформаға сүйенуі керек.

20 last posts shown.